Ақымақ патша мен ақымақ халық.

Баяғыда бір мақтаншақ патша болады, мақтаншақтығы сондай үнемі атақ-даңқты армандап тұрады екен. Бір күні уәзірлеріне дүниеде теңдесі жоқ мата тауып, киім тігіп алып келіңдер, ел мені киімім арқылы да біле берсін дейді. Жаһанның түкпір-түкпірінен теңдесі жоқ маталар әкелінеді. Күндердің күнінде бір кісі “әлемде теңдессіз жоқ мата әкелдім” деп патшаға жолығады. “Қайсы, көрсетші” дейді. “Міне, керемет емес пе” деп әлгі кісі жалаң қолын мата ұстап тұрғандай сермеп көрсетеді. “Бұл матаның сиқырлығы сонда – оны ешкім де көре алмайды. Мұндай мата тек сізге ғана лайық. Мұны есі дұрыс емес адам ғана бағаламайды” дейді әлгі кісі.  Патша  “жоқ” деуге арланып, әлгімен келіседі және жақында парад өткіземін соған дейін осы киімді бітіруін мойнына жүктеп жібереді. Киім тігіліп жатады күнде, патша киімді көруге асыгып бір күні бірінші уәзірін жібереді киім жақындап қалдыма, қалай тігіліп жатыр бақылап кел дейді. Уәзір тігінші үйіне келіп киімге қараса ештеңе көрінбейді. Уәзір шошып кетеді, сондағысы өзінің осы уақытқа дейін есі дұрыс емес ақымақ екенін білмегені. Бірақ Уәзір есі дұрыс емес ақымақ екенін білдірмес үшін киімге барынша тамсанып керемет тігіліп жатырғанын айтып келеді патшаға. Уақыт жақындағанда екінші уәзірін жібереді , екінші уәзірі де бірінші уәзірдің қылығын қайталайды. Үшінші уәзірде солай жасап патшаға киімді мақтап ондай киімді еш уақытта көрмегенін айтады. Көшеге халық алдына шығатын күні Патшаның өзіде таңқалып қалады киімнің өзіне көрінбей тұрғанына. Бірақ патша былай ойлайды "Уәзірлерім көрген киімді мен қалай көрмей тұрмын, оны қалай айтамын, айтсам уәзірлерім менен ақылды болып шығады емес пе" деп патшада киімге барынша қызығып киіп алады. Содан бастап, “ғажайып матаның”атағы ел арасында жайылып, оны мойындамауға ешкімнің батылы бармайды.  Ақыр соңында “ғажап матадан” тігілген киімді халықта көреді. Әлгі  тігінші кісі “керемет киім” десе, бәрі қоштап, “керемет!”, “керемет!” деп таңдай қағысады. Өйткені еш бір адам өзінің есі дұрыс емес ақымақ  екенін ешкімге білдіргісі келмеген еді. Бірақ расында киім тігілмеген жоқ киім. Сөйткенде, тек анадайдан бір кішкентай бала қолын шошайтып: “Бұл  жалаңаш   патша  ғой" деп айғай салған екен…



Бөлісу: