Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда болар!

Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда болар!
жеке
блог

Көп адамдар өздерін бақытсызбын деп санайды, бірақ олар бақыттың елеусіз заттардан тұратынын түсінеме екен? Менің ойымша бақыт жаңбыр тамшысы сияқты аз-аздан жиналып шалшық болатын, сол шалшықтар бір-бірімен қосылып көлшікке айналатыны сияқты бақытта   елеусіз, ескерусіз істелетін іс әрекеттердің нәтижесі сияқты. Мысылы сіз бүгін достарыңызбен қыдырдыңыз, ойнадыңыз-күлдіңіз, бірақ бүл сәттің сіздің өміріңіздегі  бақытты күндердің бірі екенін сезбейсіз.

Тек бір-екі жыл өткеннен кейін қайталанбас сол шақты сағына еске алып өзіңіздің бақытты адам екеніңізді сезінесіз. Сонда мені мазалайтын бір сұрақ неге біз бақытты шақты дәл уақытында сезіне алмаймыз? Неге бәрін соңында сезінемізде, артыншы өкінеміз?..

Мектеп оқып жүргенде өзімнен үлкен студент аға-әпкелеріме қарап қызығатынмын. Мен қашан  солар сияқты есейіп, студент болып университет жағасында жүреді екенмін, мектепті қашан аяқтар екенмін деп асығатынмын. Ал қазір ойласам дәл сол кез менің өмірімнің ең тамаша бақытты шағы екен ғой. Еш уайым жоқ, ата-анаң қасыңда, не жеп не ішем демейсің, тек мектепке барып сабағынды оқып келсең болды, рахат! Бәрі дайын...

Бірақ сол бақытты бал күндердің қадірін кеш түсініп жатырмын. Халық айтады ғой "Адам басына қиындық түспей бақыттың дәмін сезбейді"-,деп шыныменде мектеп бітіріп, қалаға келіп студент болғаннан бері бақыт деген сөздің мәнін ұққандай болдым. Неге дейсіз ғой? Себебі сабақтан асқазаның шұрылдап, қарның ашып келгенде барын алдыңа тосатын анамның, жабырқаған сәтте еркелетіп алдайтын әкемнің, құлын-тайдай алысып ойнайтын бауырларымның қадірін түсіндім және сол бір бақытты қайталанбас шақты қатты сағынамын. 

"Ақылың басыңда болса, бақытың қасыңда"-,  деп бекер айтпаған. Сондықтан әр сағат, әр минутымызды бағалап өзіміздің бақытты екенімізді сезінейік!