Ақылхан Әуелбеков ("Қыран" тобы): "Бағланды өнерге тартқан - мен!"

Ақылхан Әуелбеков ("Қыран" тобы): "Бағланды өнерге тартқан - мен!"
жеке
блог

-Жігіттер, топтарыңыздан екі бірдей жігіт кетті, қазіргі таңда қарым-қатынастарыңыз қалай?
- Ақылхан: Арамызда ешқандай ұрыс болған жоқ, төбелес болған жоқ, әркімнің өзінің мақсаты, әркімнің өзінің алдына қойған арман ыболғаннан кейін ол... өзінің жеке шығу арманы болған шығар мүмкін, шек қоя алмаймыз ғой. Өзі білгеннен кейін кетті. Жігіттермен қазір сәлеміміз түзу. Көрген жерде аман сұрап, амандасып. Доспыз.

-Топта екеулеріңіз ғана қалдыңыздар...
-Ақылхан: Екеуіміз ғана. 

 
-Қиын емес пе?
-Ақылхан: Қиын емес, әрине. Енді ол үшеу бол, екеу бол бәрібір оңай жерде нан жоқ қой. Енді үш жігіттің сөзі бір жерден шығу қиын екен. Екеуіміздікін әйтеуір бір-бірімізді көндіріп, екеуіміздікі әйтеуірболады. Екеуіміздің ойымыз бір жерден шығу мүмкін де.Ал үш адамның ойы ешқашан бір жерден шықпайды.


 
-Біз білсек үйленбегенсіздер?
 -Ақылхан: Иа, ешкім үйленбеген. Жоспарда бар биыл үйленемін деген. Арманым, алға қойған мақсатым.

 
-Жүрек бос қой?!
-Жүрек бос деп ештене айтпаймын. Ол нәрсе құпия болып қалсын.

 
-Сіз продюсерлеріңіздің туған ағасысыз. Қазақтар әдеттеріне басып өздерінікін алып жүр деген ой қалады деп қорықпайсыздар ма?

-Ақылхан: Ол... Оны керісінше мен тарттым ғой. Өнерге мен қосқам. Менің інімнің өнерге ешқандай қатысы жоқ. Оны өнерге тартып, өнер адамдарымен қосқан мен. Бағлан, біздің Бағлан шустрый ғой. Жұмыс жағынан.Сол кезде Асанмен бірінші жұмыс жасап. Кейін мен өзім Қыранды аштым. Өзіміз ән жазып. Өзіміз істеп жатқанбыз.Сөйтіп мен Бағланды жарты жолдан қосып алдым. 

 

-Журналистермен жиі кездесесіздер ме?
-Жиі.... Жиі болғанда осылай концерттерде, кештерде кездесеміз. Былайша күнде емес. 

-Павлодар, Астана қалаларына бару ойда жоқ па?
-Саламат: Неге тек Павлодар,Астана?!

-Себебі сондай сұрақ келді.
-Ақылхан: Жоспар сол Оңтүстікті аралап, шымкент, Кызылорда қалаларында, сосын батыс жаққа!!! Біз осы айда, мына күнде Павлодарга немесе бір жаққа бара аламыз деп айта алмаймыз. Алла жазса барамыз. Алдағы уақытта барлық жаққа барамыз деген ой бар! Орайы түссе,иншаАллах

-Жаңа бейнебаян қашан?

 

-Ақылхан: Жаңа бейнебаян негізі осы концертке дейін, бүгінгі кешімізге дейін түсіреміз деп жоспарлап жатқанбыз. Содан кейін мына концерттің жұмысы көбейіп кетті да, сосын, клипті тоқтатып концертке кірісіп кеттік. 

Ақылхан Әуелбеков

 

 

Саламат Бейсбаев



-Өздеріңіздің қандай істеріңізге өкінесіздер?
-Саламат:Өткен іске өкінгенде, өткен іске өкіне дейді ғой. Өкінетіндей іс жасаған жоқпын.Акылханда да жоқ деп ойлаймын.


-Ақылхан: (Қалжындасып сен өйтіп мен үшін жауап бермей ақ қой енді).Жоқ негізі өткен іске өкінбе емес, керісінше өткен іске өкіну керек.Мен мынаны істеп қойдым деп өкінбесе ешқашан тәубеге келмейді ол. Өкінген дұрыс. Жалпы өкінген күндерім көп болды менің....


-Болашақ жоспарларыңыз қандай?
-Ақылхан: Болашақ жоспар кәзір жеке кеш беру.Жан-жақты аралап. Сосын бейнеклип. Биыл Қудай қаласа жаңа әндерге кірісіп жатырмыз. Сол жоспарымыз үйлену, үй болу,бала шаға...


 

Сұхбаттасқан: Аружан Дуйсен