Өз заманында «Сәулең болса кеудеңде, Жақсы сөзге құлақ сал» деп Абай атамыз айтып кетіпті. Сол сөздердің қазіргі заманда да өзектілігі жоғалған емес. Берекелі сөз бесіктегі балаға да әсер етеді. Бірақ берекесіз сөйлеп, қоғамдағы саналы адамдар арасында, өз ортасында алауыздық тудырып жүргендер қаншама?!
Қазақ тілді сайттардың арасындағы «міне, біздің қазақ сайтымыз» деп мақтанып, ауыз толтырып айтатын бірден-бір сайт ол – Массагет! Қазіргі бәсекелестікке толы заманда тәй-тәйлеп алға қадам басып келе жатқан төл сайтымыздың пайдаланушылары да күн санап өсіп келеді.
Пайдаланушылардың негізгі бөлігі – жастар. Осы жастардың ішінде сөз саптаулары, өз ойын әдемі, көркем жеткізе білетіндерімен қатар, керітартпа, қыршаңқы, қисық-қыңыр пікірлерімен мәшһүр болып жүргендері де кездеседі. Солардың бірі – Талгат Ибрагимов нигімен тіркелген қолданушы.
Талгат, таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің деген жүйелі сөз бар қазақта. Кез келген пікір алаңын ластап, орынсыз күйе жағып, бей-берекет сөздер жазу – барып тұрған бассыздық! Есекті ақырған даусынан таниды, ақымақты айқайынан таниды. Сондықтан даурығып құр айқайлай берме! Қылыш жарасы бітсе де, сөз жарасы бітпейтінін санаңмен ұғынуға тырыс!
Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік.
Ең дамыған 21-ғасырда саналы қоғамда өмір сүріп жатырсың. Жоғарыда жазып кеткен, шумерлерден, сол замандағы үндістерден ой-өрісің сәл де болса жоғары болар деп үміттенем. Жақсы сөз – көңіліңді өсіреді, жаман сөз – үмітіңді өшіреді. Біз сенен жанды жадырататын, адамға қанат бітіретін, дос қылатын, ақылға келтіретін, адам мен адамды табыстыратын, мерейіңді өсіретін ЖАҚСЫ СӨЗДЕР күтеміз! Іске сәт!
(суреттегі екеудің бірі - бүгінгі әңгімеміздің басты қаһарманы)