Ақылдылық – білімді дұрыс пайдалана білуіңде

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ

Ешкім шығара алмас қиын есеп.

(Оралхан Бөкей)

  Ақылды адамдардың өмірі қандай болады? Олар қандай қағида ұстайды? Өмір сүру дағыдысы қалай? Сізге  қызық болар? Бұл тақырыпта осы жайлы сыр бөлісіп, сіздің де ақылыңызды білетін боламыз. Кез келген уақытта және әр заманда адамға бір нәрсе қажет болады. Ол – білім. Білімсіз сіз қазір ештеңе де таба алмайсыз. Білім алып, өзіңізді кез келген жағыңыздан  жетілдіріңіз. Тіл үйреніңіз. Қазіргі заманда білімнің маңызы зор боп тұрғанын жақсы білесіз. Біліп тұрып неге жалқаулық танытасыз? Уақытыңызды үнемдеп, көбірек білім алыңыз.

Мысалы, сіз ақылдылығызды пайдалана отырып қандай жетістікке жеттіңіз? Мүмкін әлі жетпеген боларсыз? Жеткіңізде келетін шығар? Оны болашақтағы сіздің жоспарыңыздың нәтижесінен көре жатармыз. Қазақ халқында жетістікке ерте жеткен жандар да баршылық. Солардың біріне тоқтала отырайын.

1. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің  мүшесі болып сайланады.

2. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің құсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында түңғыш рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай ханның ертегісі» жырын жазып алады.Сол жылдары белгілі географ П.С.Семенов-Тян-Шанкиймен, Федор Достоевскиймен танысты.

3. Ыбырай Алтынсарин – 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, жиырма жастағы Ыбырай  өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл оқытады.

  Иә, жиырма жасқа дейін де, кейін де талай жұмыс бастап, соңына дейін жеткізуге  болады. Әлемдік адамдар ғана емес, біздің де қазақтардан талай дүлдүл адамдар мақсат пен армандарына жетіп, арттарына үлкен еңбектерін қалдырып отыр. Оқырман қауым ішінде сіз мүмкін жиырмада боларсыз, не тындырдыңыз? Жиырма жасыңызға дейін қандай үлкен де,  көлемді бизнес бастап  яки сан түрлі жетістіктерге жеттіңіз бе? Өзіңізге есеп беріп, саралап байқап көріңіз. Өзгелермен өзіңізді салыстырыңыз  демеймін. «Адамның соры – өзін өзгелермен салыстыру» дейді, сол себепті тек қана өзіңізді жетілдіріп, дамытып жүре беріңіз. Ақылыңыз өзіңізден артық болсын.

  Әлемнің сан түкіпіріндегі қаншама жандар әр түрлі жаңалықтарын ашып, барша дүниені таңқалдырып келеді. Олар қайдан, қашан, неге, не үшін табады деген сұрақтар, әрине,  кез келген адамның басына туындайды. Мысалы, қалай табады? Оған мен бір ғана жауап айтар едім: әрқашан еңбекке талпынып, күнделікті жоспармен жүргеніңіз дұрыс.

Ақылды адамдардың 10 қағидасын алдыларыңызға ұсынамын:

1. Әрбір уақытты ойша есептеп, ретпен жүріп отырады.

Таң атысымен не істеу керек, кешке дейін не тындыру керек деген сияқты істермен басын ылғи да кез келген уақытта қатырып, басқа артық қоқыстардлы ойлауға ешқашан уақытын бөлмейді. Сізде өзіңіздің  режиміңізді көз алдыңызға елестетіп, уақытты тиімді пайдалана біліңіз.

2. Артық ашуланбайды, кез келген жанжалда сабырлық танытады. Арада болған ұрыстарда  қиындықпен емес, оңай шешім таба біледі. Осыған қарап отырып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген ұстанымды айтқым кеп отыр. Үйреніңіз, істеңіз!

3. Мұндай жандар миды өте қатты қадағалайды.

Миды күтудің негізгі ережелері:

1. Денеңіздің типіне байланысты тамақтаныңыз.

2. Қажетті калориялардың мөлшерін нақты біліңіз.

3. Аптасына 4-5 рет спортпен айналысыңыз. Жаяу жүру де жаттығуға жатады.

4. Күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтаңыз.

5. Дәрумендер ішіңіз.

Әдістерді істеп, байқап көріңіз. Пайдасы тиіп қалары анық. Ал ары қарай жалғастырайық!

4. Барлық істі логикаға салып, асықпай саспай ойлана отыра шешеді. Сондықтан милары жақсы істейді. Егер логика жағынан әлсіздеу болсаңыз, өзіңізді дамытыңыз. Логикалық есептерді жиірек шығарып отырыңыз. Күніне кем дегенде 10 есептен шығарып отырсаңыз, ештеңеден кем қалмайсыз. Іске кірісіңіз!       

5. Мотивациялық сөздерді көбірек оқиды. Кино, кітаптар және афоризмдер оқи отыра өздері де  нақыл сөздер шығаруға шебер болып кетеді. Қазіргі кезде интернетті аша қалсаңыз бәрі бар. Біз осы дәуірде өмір сүргенімізге қуануымыз керек. Барлық жағынан қамтылғанбыз. Шүкір дейік. Сонымен деректі әрі мотивациялық киноларда жиі көруді әдетке айналдырып отырғайсыз. Бөлмеңізге немесе жұмыс орныңызға бұл болмай жатқан жағдайда өзіңізбен бірге арнайы бір карточка жасап алыңыз. Оның ішіне шабыттандыратын, алға итермелейтін сөздердің тізбегін жазып қойыңыз. Кез келген уақытта оқып, шын ниеттеніп отыратын боласыз. Ақылды әрі талпынғыш жандар бұндай жұмысты бірінші орынға қойып, арнайы түрде тезірек жасап отырады.

6. Қиялдану процесін күнделікті қолданады. Осы арқылы өз мақсаты мен арманының қалашығын жасайды. Қалашықты қалап бітпейінше, ештеңеге назар салмай, тек соны ойлап, қиялдаумен ойын бөлмейді. Шектен тыс, артық ойлар мүлдем болмайды. Қазіргі кезде музыка дейміз ғой, соның арқасында ұшқыр мақсаттар пайда болып жатады. Музыка тыңдаудың өзінің бір ерекшелігі болады екен. Классикалық және көңіл көтеретін әндер. Ойлануға арнайы классикалық әндер жақсы болады. Ал тым қатты да  «сабырсыз» өлеңдер адамның ойын бөліп, басқа ойлар ойлауға алып келеді дейді. Менде керісінше. Классикалық әндерді жиі тыңдамаймын.Көңілді көтеретін, арнайы тек музыкадан тұратын әндер тыңдау арқылы шабыттана жазамын. Сондықтан музыканы тыңдап тұру да жақсы.

7. Әлеуметтік желілерде өз уақытымен отырады. Күніне жиырма минут деп уақытты өзінше бөліп қояды. Ал сіз кішкене отырамын деп, бүкіл уақытыңызды жұмсап жіберетін секілдісіз. Ең бірінші өзіңізге уәде беруді қалыптастырып, одан кейін ғана іске кіріскен жөн. Осынша уақыт па, жақсы сонша уақыт қана отырыңыз. Зманымызда инстаграм, фейсбук, вк секілді әлемге әйгілі желілер қазір дүркіреп тұр. Олардың бір пайдасы бар. Бизнеспен айналысып кетсеңіз, өз керегіңізге пайдаланаып отырасыз. Әлеуметтік желілерде өз басым жиірек отырамын. Себебі арнайы парақшаларда адамды шабыттандыратын, мотивация беретін әсем  сөзді өрнектер бар. Күніне шығып отырса, тезірек оқуға тырысамын. Ол маған әрі білімді жетілдіруге де болады. Отырыс немесе жиындарда өзімді қорғай алатын мотивациялық сөздерді білген қандай жақсы?!   

8. Іс-қағаздары көп болады. Мақсаттарын бір блокнотқа, енді бір блокнотқа жоспарларын, әр күнін, әр айын бөліп отырады. Күнімен оқып, мотиватор болып та жүреді. Дұрыс. Жазбаша жүріп отыру сенімділікті білдіреді. Ауызша сөзбен опырып сөйлегенше, іспен, дәлдікпен айналысқан дұрыс. Есіңізде бола жүрсін қолыңыздан келмейтін істі әлемге жар салып айтудың ешқандай қажеті жоқ.

9. Өміріне шүкірлік айтып, қанағатшылдықпен өмір сүреді. Бар нәрсемізге қанағатпен қарайық. Біреу де бар, ал кейбіреулерін де мүлдем жоқ. Сол себепті қанағатшылдықты ұмытпаған жөн. Қанша жерден асып-тасып жатып, қолыңыздағы бар байлыққа көңіліңіз толмаса онда өмірдің не қызығы болғаны? Өмірдің бір ғана қызығы – қанағатшылдықта. Қанағат етіп, екінші жетістікке жетіңіз.

10. Түнімен жұмыс істеуге кіріседі. Олар үшін уақыт шектеулі. Тығыз сан сағаттар демалуға да демалыс бермей жатады. Тығыз уақыт бақыт емес пе? Ешнәрсеге уақыт таппай, тек жетісітігіңіз бен өміріңізді ойлап, жұмысыңызды жасасаңыз бұдан артық не бар?!

  Ақылыдылыққа байланысты бай және табысты адамдардың 18 дағдысына тоқтала өтейін. Табысқа, бақытқа жету үшін миды істетіп, ақылмен жұмыс істеу керек.

1. Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзіиде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмай. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Бұл ешқандай шешім ұабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ,  сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болып, жетістікке жету үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.

2. Басқаға емес, өзіңе жұмыс істеу. Біреуге құл болғыңыз келмесе, өз игілігіңізге еңбек етіңз. Сонымен бірге сүйікті іспен айналысуды жұмыс деп атауға болмайды.

3. Құндылық жасау. Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауарлар ғана өндіріңіз, сонда олар өздері сізге қажетті ақшаны әкеп береді. Сыпайсынбай, тауарларыңыздың барлық құндылықтары мен пайдасын толық сипаттаңыз. Өзіңді-өзің мақтамасаң, ешкім мақтамайды.

4. Қызығушылық үшін жұмыс жасау. Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай істеуге тұрмайды. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мендағды алу үшін жұмыс жасаңыз. Өзіңізге жұмыс жасаңыз.

5. Биік мақсаттар қою. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз.

6. Тіл тапқыштық. Ақшаны басқа кісілер алып келеді. Олармен араласыңыз, оларды қызықтырыңыз, сонда олар сізге ақшаларын қуана тапсырады. Түнерген, тұйық адам болмаңыз, мұндай адамдардың бай болуы өте сире кездеседі.

7. Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау, байлармен  танысу. Кедей адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз. Кедейлер ортасында байларды жақсы көрмейді, жек көреді. Өзіңізді байлар мен оптимисттермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмектеседі.

8. Жауаптылық алу. Кедейліктің серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.

9. Бизнес жасаңыз. Егер сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер сізде мүлдем ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес бастаңыз.

10. Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс ол сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Сіз үшін сіздің жұмысыңызды жасасын, ал сіз рахаттана сүріңіз.

11. Инвестициялау. Қаржы салу керек, бірақ оның көзін білу қажет. Барлық артықшылығы мен кемшілігін таразылаңыз, барынша көп ақпарат жинаңыз, проблеманы жете зерттеңіз, негізсіз тәуекелге  жол бермеңіз. Тәуекел орынды болу керек, ал инвестициядан түскен іріс шығысты жабу керек.

12. Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табсықа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығында, аса көрнекіліктерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.

13. Өзіңе сұрақ қою. Мынадай сұрақтар: «Мен кіммін?», «Мен неге бірегеймін?», «Менде 123 456 789 000 доллар болса, не істер едім?». Келген позитивті ойлардың күші мен энергиясын пайдаланып, оларды әрекет етуге, алға жылжуға бағыттаңыз.

14. Армандау. Арман – ең күшті алға жылжытушы. Армандаңыз және армандарыңыз орындалатыына сеніңіз. Бірақ, ешқашан қиялдамаңыз. Қиялдар жүзеге асыруын талап етпейді, ал армандар талап етеді. Адам армандауды доғарғанда, даму мен алға жылжуды тоқтатады.

15. Жәрдемдесу. Шын жүректен көмектесіңіз. Бірақ, өзіңіз қалаған адамға ғана қол ұшын созыңыз. Үнемі көмек сұрайтындарға көмектеспеңіз. Ондай адамдар бөтеннің мейірбандығына арамтамақ болады. Көмек көрсетуді достарыңызбен және туысқандарыңызбен шектемеңіз. Мейлінше көп адамға көмек көрсетіңіз. Барынша көп адам сізге жәрдемдеседі..

16. Мақтау. Комплимент жасаңыз. Бұл сіз айтқан адамның ғана емес, сіздің де өзін-өзі бағалауыңызды арттырады. Табысты адам өзін-өзі бағалайды.

17. Күнделік жүргізу. Келген барлық ойларды жеазып жүріңіз. Істеріңізді егжей-тегжейлі жазыңыз. Күнделігіңізді алдағы бір айға толтырып қойыңыз. Бос парақ болмау керек. Сіздің ештеңе істемеуіңіз мүмкін емес. Күнделікке барлық жетістіктеріңізді, табыстарыңзды, сәтсіздіктеріңізді жазып жүріңіз. Оларды жадыңыздан шығармаңыз – бұл құнды тәжірибе. Реніш табсытан гөрі 10 есе жиі еске түседі. Көңіліңіз болмаған кезде күнделікті ашыңыз да «Табыс» деген бағананы оқыңыз.  

18. Берілмеу. Ешқашан берілмеңіз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, кедейшілік – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады.

Мына дағдыларды әдетке айналдыра аласыз ба? Қолыңыздан келеді. Ұмтылыңыз, өзіңізге уәде беріп, талпыныңыз. Сонда сол еңбегіңіздің нәтижесін көретін боласыз.

Өзгелерден ақылдылығын жасыратын адам ең ақылды адам болып есептеледі. Қайдан шықты дейсіз бе? Қытай философиясы бізге солай дейді. Сонымен қатар мынадай қызықты деректермен бөлісе отырайын:

«Ең ақылды адамның басы үлкен, логикасы темірден, фантазиясы аса үлкен. Ойлау қабілеті жоғары дәрежеде дамыған адам болады. Көбіне ақылды адмадрдың денесінен гөрі басы шамалы үлкендеу болады әрі маңдайында шашы жоқ қасқабас келеді» дейді. Сіз қандайсыз? Ұқсаймысыз? Ол жағын өзіңіз көре жатарсыз.

  Ал сіз әлемдегі ең ақылды адам кім екнін білесіз бе? Білмесеңіз, мен сізге сол жайлы айтайын. Мүмкін мотивация алып қаларсыз.

Әлемдегі ең ақылды адам біздің замандасымыз, Миссури штатының тұрғыны – Мэрелин Вос Савант. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. Мэрилиннің асқан қабілеті бала кезінде-ақ белгілі болған екен. 10 жасында алғырлығымен көзге түскен ол сол кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

IQ – парасаттылық коэффициенті. Адамның ойлау, алға қойған мақсатына жетуі, дұрыс шешім қабылдай білуін көрсететін бірлік. Ғалымдардың есептеуінше өткен ғасырдағы ғалымдардың парасаттылық  коэффициенті мынадай болыпты: Гетеде – 200 бірлік, Ньютонда 190 бірлік, Галилейде 185 бірлік, Коперникте 130 бірлік.

Мэрлин 1946 жылы 11 тамызда дүниеге келген ару. Тегі француз тілінен аударылған «ақылды» дегенді білдіреді. Мэрелин қазіргі таңда «Парад» журналында «Мэрелиннен сұра» деген айдары жүргізілуде. Интернеттегі жеке парақшасы арқылы  да халықпен байланысқа түсіп жүр. Зерек жан кітап жазумен де айналысуда. 

Өз миыңыздың бірілігін байқап көріңіз. Қандай дәрежеде екенсіз? Егер орташа көрсеткішке жетпей жатсаңыз логикаңызды шынықтырыңыз. Есептерді жиі шығарып, алға ұмтылуды ұмытпай, артқа қарамай, тек өзіңіздің мақсатыңызды ойлап жүре беріңіз. Жетістікке көп жететін, мықты, белсенді адамдар әрқашан кішкентай кезінен бастап іске кіріседі. Өзін барлық жағынан жетілдіріп, өмірін сәнді қылдыруға тырысады. Жоқ заттарын сабырмен, өзіңнің күшімен тауып, содан рахат алады. Бұнымен тоқтап қалмай, келесі бизнесін бастап, тағы қызу жұмыс үстінде болады. Керемет емес пе? Уақыт тығыз, бірақ өміріңіз қызықты өтіп жатыр. Маған дәл осындай өмір ұнайды. Ұйықтар алдын ұмытып, таң ата ерте тұрып, қайтадан іске кірісіп, бос уақыт табылғанда сергіп, құрбыларыңмен серуендеп, кейін өміріңізді өзгелермен бөліскіңіз келіп, «инстаграм» деп аталатын желіге суреттердің түр-түрін салып, өзгелерге де шабыт сыйлап отыру қандай ғажап қасиет?! Болшақта тіпті екі-үш аптадан кейін өміріңіз осындай боып кетеріне кім кепіл?

Бақытты болу үшін, мына өмірдің тәтті дәмін сезу үшін біз әлі талай жетістіктер мен жұмыстарды бастап, соңына дейін жетуіміз керек. Өмір ғажап екенін ұмытпайық!

Сонда ғана ойымыз бен өзіміз жақсы істермен айналысып, жетістікке жететін боламыз. Сонымен келесі кездескенше!



Бөлісу: