Ақылдыға жапырақ та ұстаз

Ақылдыға жапырақ та ұстаз
жеке
блог

    Ақыл, сана-сезімнің болуы адамның жануарлардан ең басты ерекшеліктерінің бірі. Өмірге періштедей таза парақ ретінде келген адам, өмір сүру барысында көптеген жаңа информацияны жинайды. Білімнің қоры болған адам, әр түрлі оқиғалардан сабақ алып, өз өмірің жиған-тергенімен қамти білу керек. Өкінішке орай, білімнің ағы да қарасы да болады. Кімнің нені меңгеріп, қайсысынан жиренгені әуел баста белгісіз болады, бірақ ақырында әрбір бала қоғамның толық бір мүшесіне айналары сөзсіз. Ал біздің қалауымыздағы тұлға- тәрбиелі, ақылды, патриот, шыңшыл немесе кем дегенде ақ пен қараны ажыратып, дұрыс деп пайымдағаның ұстанатын адам емес пе? Осындай тұлға қалыптастырарлық білім көздерінің бірі кітап болып келеді. Кітап - өзіндік өмірі бар, түрлі түсті қиял-ғажайып әлемдерді ішіне сыйдыра алады. Алайда қағаз бетіндегі сияларды біздер күнделікті өмірде байқай бермейміз, кейде мүлдем ол туралы ойламаймыз да. Сондықтан, ”ақылдыға жапырақ-та ұстаз” дегендей, өзімнің көзқарасыма ауқымды болмаса да, әсерлі із қалдырған, бейтаныс бір адамның оқиғасымен бөліскім келіп тұр.

(Оқиға шетел тілінде оқылып қазақ тіліне аударылды,бейнеленуі, оқиға желісі толық сәйкес келмейді)

   Өткен апта кешкісін, мен әдеттегідей жұмыстан шығып үйге қайту жолында едім. Күнделікті жұмыстан шаршап, метро вагонына кіріп, жайғаса кеттім. Негізі, жұмыс орны мен үйімнің арасындағы қашықтық өте ыңғайсыз болып келеді. Ұйықтайын десем жақын- оянбай қалып асып кетемін бе деп қорқамын, басқа пайдалы іспен айналысайын десем үнемі шаршап, ерініп жүремін. Қалай дегенмен, кітап алып оны оқимын деген ниетпен сөмкеге салып қойдым. Ең қызығы, сол кітапты қанша апта бұрын салып қойғаным есімде жоқ, әйтеуір сол сөмкенің ішінен шығып, жарық көзің көрмегелі көп болғаны айдан анық. Сөйтіп ойға шомылып отыра бергенде, вагон бөлмесіне таяғымен тырс-тырс-тырс етіп соқыр қыз кірді. Қолында үлкен сөмке ұстаған, өзі жас та сүйкімді қыз екен. Ол кіре салып есік жанындағы орындыққа жайғаса кетті. Оның тартымды сұлулығына қызыққан мен, сыпайы түрде ғана оған қарап отырдым. Отыра салысымен қыз сөмкесің ашып, ішінен бірдене шығара бастады. Мен оның сөмкеден шығаратыны “тамақ” деп шештім де, өзімнің де қарным ашып тұрғаның жаңа ғана есіме түсірдім. Бірақ ойлағаным болмай қалды және бұл ісімен ол менің назарымды толығымен өзіңе аудартты. Әлгі қыз тізесіне соқырлар үшін арналған кітапты ашып, саусақтарымен жүгірте бастады. Осылай таңғалу кейпінде отыра бергенімде қыз заттарын жинап, келесі аялдамадан шыға бастады. Қысқа ғана мерзім жол жургеніне қарамастан кітапты оқыған соқыр қыз бейнесі маған аспан қақ алдымда жарылғандай әсер етті. Осы кезде сөмкемде бұрыннан жатқан кітап есіме түсті. Онымен жарыса қыздың таяғының “тырс-тырс-тырс” етуі “оқы-оқы-оқы” деген дыбыстар іспеттес ойымда қайталана берді, қайталана берді.

   Құрметті қауым, кітап оқу болашақ лидерлерге тән бір қасиет екендігі сөзсіз. Яғни “алдағы уақытта кітап оқығандар теледидар көргендерді басқаратын болады” деген сөз бекерге айтылмаған емес пе? Сондықтан, әрқайсысымыз кем дегенде өзімізден бастасақ, халқымыз рухани бай, ақылды, тәрбиелі адамдарда тапшылық сезбейтіндігіне кәміл сенемін. Және “оқы-оқы-оқы” сөздері әрдайым жадынызда болуын шың жүректен тілеймін.