ақылды ақымақтарға не айтасыз?
блог
Сәлеметсіздер ме!өмірдегі адамның жүйке жүйесін тоздыратын тағы бір себеп "ақылды ақымақтар" шығар. өтірік кейіпке еніп адамды әбігерге салып, әбден мезі етеді. Осыған қалай төзеріңді білмей ашу үстінде бетіне қандай екенін жайып салғың келеді. Бірақ олар айтқанмен түзелер ме екен?ауру қалса да әдет қалмайды дегендей бұрынғы әдеттеріне салып ары қарай адамды әбігерге салатын шығар. оларды қу, айлакер деп те атауға болатын шығар, сірә! өз басым мұндай адамдар жолықса ызам келеді олармен қарым-қатынас кезінде. олар өз мақсаттарына жету үшін осы кейіпке енеді ма екен әлде?сонда олардың эгоист болғаны ма?мммм... қалай болғанмен адамның адамгершілігі болса ол басқа адамды мезі етпейді ғой, ал осыдан келіп шығар болсақ адамгершілігі төмен адамдар ма олар?еш ақылым жетпейді олардың шешіміне...бұлқан талқан болып ашуланғанмен олардың қылықтарына дауа жоқ шығар сірә...