"Ақыл тоқтатқандардың" алжыған заманы...
блог
Адам есейген сайын оң-солын танып, ақыл тоқтатады. Осы күнге дейін жасаған қателіктерінен сабақ алып, оларды қайталамауға, артынан ерген ұл - қыздарының, бауырларының дұрыс жолмен жүруіне жұмыстанады. Біз жастар білмеген нәрселерді үлкендерден сұрап, солардың нұсқаған бағытымен жүрсек, дұрыс жолмен жүріп келеміз деп ойлаймыз. Алайда, үлкендердің бәрі бірдей ақылды, бәрі бірдей дана емес (қазіргі заманда). Өйткені, бүгінгі қоғамда "ақыл тоқтатқандардың" сорақы іс - әрекеттеріне көп куә болып жатамыз. Біраз жасты еңсеріп қалғандар өздерін балаша ұстап, ақымақтың ісін істеп жүрсе, жастар кімнен үлгі алады? Кімге қарап бой түзейді?
Кеше ғана Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған видеода, қоғамдық көлікте өзінің ерсі қылықтарымен көзге түскен әйел адамның ісі көпшіліктің жағасын ұстатты. Ол видеода неше түрлі боқтық сөздерді айтып, жастармен жаға жыртысты. Тіпті ер адамға аяқ - көтеріп, төбелесуге дейін барды. Ер - азаматтың намысын қашанда биік қоятын қазақ халқы үшін бұл сорақы іс емес пе?!
1-шілде күні Шымкент қаласында да сұмдық жағдай орын алды. 30 жастағы ер адам 11 жастағы баланы зорламақ болды. Абырой болғанда арам ісін жүзеге асырып үлгерген жоқ. Әйтпесе, баланың жағдайының қандай болатынын ойлаудың өзі қиын. Тепсе темір үзіп, орда бұзатын шағында азғындыққа салынып жүр. Оны бұл ісінен кейін адам деуге болады ма? Бірақ, бұл басы және соңы емес. Бәріне белгілі, қазір "педофилдіктің" нақ өршіп тұрған заманы. Өкінішке орай, ондай "айуандардың" саны көбеймесе азайып жатырған жоқ.
Осыдан 2 жыл бұрын Жамбыл облысында жан баласын шошытқан оқиға орын алған еді. Жасы 50ден асқан әйел адамның жаңа туылған шарананы көліктің терезесінен қоқыс секілді лақтыра салғаны елді дүр сілкіндірген болатын. Тағы да айуанның ісі..
Бейбіт, тыныш заманда осындай сұмдық қатыгездіктердің орын алуы ,әрине, жүректі ауыртады. Тіпті бұл ақыр заманның белгісі ме дерсің...