Қазіргі қарқынды даму заманында акция сатып алу үрдісі біздің елге жайлап болсада күнделікті тұрмысқа ену үстінде. Батыс елдерінде бұл қаржылай табыс табу көзі сонау 15-16 ғасырлардан бастау алып қазіргі уақытқа дейін керемет дамығанымен біздің елдің арасында ол енді бастау алуда. Бір ғана мысалы Лондон қор биржасына қазір 450 жыл болса, ал АҚШ та Нью-Йорктағы Нью-Йорк қор биржасына мысалы 225 жыл. Ал біздің Қазақ қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланып қазіргі жасы жоғарыда аталып өткен қор биржаларының қасында құдды бір кішкене әлі дамымаған шала жансар бір нәрсе сияқты. Бірақ сонда да көңіліңіз түспесін пайда табу жолында қай жерде қандай жолмен пайда тапқан маңызды емес (әрине мен еш адам құқығын бұзбайтын, адамзатқа зияны тимейтін жолдарды айтып отырмын). Ең бастысы пайда тапсаңыз болды емеспе солайма.
Сонымен әңгімеміздің басты тақырыбына оралсақ қалай акция сатып алсақ болады. Бұл жауапқа жауап бермес бұрын мен сізге сұрақ қойайын сізге қандай акция керек.
Сіздің таңдауыңызға байланысты бұл сұрақтың да түрлі жауабы бар.
Бастайық. Егер сізге еліміздің басты мұнай алпауыты ҚазМұнайГаздың, алғашқы ірі оператор Kcell дің, немесе "Qazaq Banki"нің акциясының иесі болғыңыз келсе. Болмаса кез келген Қазақ елінің ішіндегі ірі компанияллардың акциялары сізге қатты ұнап жатса сізге олардың акцияларын сатып алудың бірнеше жолдары бар. Әр бір обылыс орталықтарында қазақ қор биржасынан брокерлік шот ашып құнды қағаздармен сауда жасайтын мүмкіндік беретін брокерлер болады. Брокер дегеніміз жалпақ тілмен айтқанда сізбен КАSЕ ті байланыстыратын Делдал. Ал брокерлік шот және брокерлік шот ашу дегеніміз банктегі депозитті ашып банкпен келісім шарт жасасқанға ұқсайды. Ол шоттағы қаржы сіздің акция сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда бұндай делдалдықпен айналысуға лицензиясы бар оншақты компания бар. Атап айтсақ Asyl Invest, BCC Invest, Freedom Finance, Halyk Finance, Қазпошта, Орда Капитал және т.б. Олардың офистері кез келген обылыс орталықтарында бар. Ал ҚАЗПОШТА мекемесі кез келген ауылда да бар екенін ескерсек онда сізге ешқандай кедергі жоқ. Ал басқа мекемелерді сіз телефон арқылы мекен жайларын сұрап. Айтқан мекен жайға барасыз, брокерлік шот ашу туралы келісім шарт жасайсыздар. Шотты ақшаға толтыру немесе кейінірек толтыру туралы тағы келісе жатарсыздар. Шот ашып болған соң көптеген брокерлер сіздің мүмкіндігіңіздің тым үлкендігін айтып, курстарға қатыстырып, сізді жаңа миллионер ретінде акциялармен жұмыс жасауыңызды өтінуі мүмкін. Бірақ сіздің есіңізде болсын сіз барлық жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Ал ол жауапкершілік ішіне айлап тапқан табысыңыздан қас қағым сәтте айырылудан бастап көз алдыңызда өз қаражатыңыз қалай кеміп бара жатқанын көруде жатады.
Құласаң нардан құла дейді. Америкалықтар айтпақшы кім тәуекел етпейді сол торт жемейді.
Дайындаған: Жұматай Асланбек