Ақтөбем - жұмақ мекенім!

Ақтөбем - жұмақ мекенім!
жеке
блог

Егер, Ақтөбеге бір ат басын тіреп, сапар шексеңіз, мәңгі жүрегіңізде осы қалаға деген махаббат, сағыныш ұялары хақ. Оның сұлулығы - биік ғимарттары мен ұзын сонар көшелерінде ғана емес, адамдарының кішіпейілдігі, қонақжайлығы және бауырмалдығында. Ешқашан қонақты сыртқа теппей, құшақ жая қарсы алатын қазақ халқының ерекше бір қасиеті осы қаланың тұрғындарына өзгеше дарыған десек те болады.Ақтобе

Әрине, кімге болмасын, өзінің туып-өскен жері өзінше бір ыстық, өзінше бір сұлу ғой. Десек те, әр адымы тарихқа толы, небір атақты батырларды, адуынды шешендерді өмірге әкелген бұл қаланың өзгеше бір сыры, өзге қалаларға ұқсамайтын кереметі бар десем артық айтпағандығым болар. Өзі өлсе де, даңқы өлмеген, елдің қамын жеген Есет батыр, қоңыраулы найзасы бар Қобыланды батыр, елін бірлікке шақырған, тәуелсіздіктің ақ таңы атсын деп, болашақ ұрпақтың жайын ойлаған Әбілқайыр хан, күйі талай жанды тербеп, таң қалдырған Қазанғап, жауды сөзімен тойтарған Әйтеке би, соғыстың ызғарынан, жаудың танкісінен қорықпай, елін, жерін қорғап, ерлікпен қаза тапқан, аты аңызға айналған Әлия батырымыз сынды көптеген дара тұлғаларымыз осы өңірде кіндік қандары тамып, өсіп-өнген. Осынша алпауыт жандардың өмірге келген жерін киелі демеске бола ма?

Ақтөбе

Осы жерде Отаны парасат пен ақылдың

Ерлік, елдік туралы хисса, аңыз нақылдың.

Ия, осынау даладан хандар да өткен бек те өткен

Ынтымаққа шақырып, көсегесін көктеткен

Әзиз елдің бағы үшін, армен өтеп парызын

Ғазиз бабам біздерге бірлікте бол деп кеткен!