Ақтөбеге сапар...

Осыдан бірер күн бұрын достарыммен бірге Ақтөбе қаласына 2 күндік демалысқа барып қайтқанбыз. Бұл жолғы жазбамда қала туралы әсеріммен бөліспекпін. Алдымен, құрамымызбен таныс болыңыздар.

Жалпы 6 адам болып жолға шықтық. 


Бұл Нұрхат деген досым. Қанымыз бір болмаса да, бір үйдің баласындай боп кеттік.

Ақтөбеге сапарда жанымызға жолсерік болған Мейрамгүл деген досымыз. 

Жанымдағы жақсы адамдардың бірі - Жанерке

Атына заты сай - Айгерім.


Бұл жігітпен бірге суретке түспеппіз. Ислам.

Алдымен Алланын үйіне кіріп, ата-бабалар рухына дұға қылып қайттық. 


Мені ерекше таң қалдырғаны қоғамдық көліктерінен өзге тілдегі бір жазуды да көрмедім. Толықтай қазақ тілінде жазылған. Нағыз тіл жанашырларының қаласы деген ойда қалдым. Қоғамдық көліктегі сурет.

Әрі қарай  саябақтарды араладық. Ақтөбе қаласында демалыс саябақтары өте көп екен.

 

Менің жанымдағы Ақтиін және Меруерт есімді аруларға алғысымыз шексіз. Ақтөбеде адастырмай, қаланың көрікті жерлерін көрсеткендері үшін.

Биші қыздармен бір билеп қайттық... )

Мегага қарай қадам басып барамыз...

Нұрхат бауырым екеуміз коньки теуіп те үлгердік...

Даяшының да ролін атқарып көрдім...


Кешкісін велосипедпен таза ауада серуендедік

Түңгі Ақтөбенің табиғаты тамаша екен

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Осы стадионда Ақтөбе футбол клубының барлық ойындары өткізіледі.

Ал бұл "Нұр Отан" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы орналасқан ғимарат. Бұйырса, еліміздің барлық қаласын аралап шықсақ деген ойымыз бар. Әр қалада орналасқан дәл осы ғимарат алдында суретке түсіп, суретіміздің санын 14-ке жеткізу ойда бар. Әзірге Ақтөбені араладық, ал қалғанын уақыт көрсетеді...

Сау бол, АҚТӨБЕ! Көріскенше, ОРАЛ!




Бөлісу: