Желтоқсанның отызы күні таң ата мың болғыр Әзиз әуежайға әкеліп тастағаннан кейін сол бір қауырт күндер бітіп, Ақтөбе хикаясы басталды.
30.12.2011
Сүйікті «Гүлдерде» әріптестердің дәстүрлі басқосуы. Бізді кафедегілер ұмытпапты. Кейбір көрермендер де. Злата қызым өсіпті.
31.12.2011
Маманы құшақтап ояндым. Жаңа жылды отбасымен қарсы алу. Сағат 00.00-де шай ішіп отыра бердік.
01.01.2012
Әріптес достардың түнгі клубтағы демалысы. Күзет қызметі өте қатал, даяшылар салақ, есесіне, демалуға келген жастардың мәдениеті мен талғамы жоғары! Клубтан соң көлікті мас күйде жүргізу – жетістік! Таксистер қыздарға ашкөздене тиіседі, рақат!
02.01.2012
Өлген адамдай ұйықтау. Шопинг – осы Ақтөбенің «Мегасы» керемет! Оқушы кезден бергі досым Амансұлумен өткен кеш.
03.01.2012
Өлген иттей сеспей қатып, ұйықтау. Үш қарындасымның жеті баласы. Әпкемнің дастарханы, «Ойыл – махаббат мекені» тақырыбында таңғы 05.30-ға дейін созылған әңгіме. Агенттегі қолжетпестеріме қоса, көзбен көрген сол бір екеу де осы күннің дерті болды.
04.12.2012
Өлген мысықтан жаман ес-түссіз ұйқы. Монша, монша және монша. Археолог достармен таң атқанша қыдыру. Тағы да бір екеу...
05.12.2012
Нағыз өлік болып ұйықтаудың көкесі. Түндегі сойқан қыдырысты бір қысыла еске алу. Мамаға қыдырысты достардың адамгершілігі жайлы әңгімемен байланыстырып жеткізу. Денсаулыққа байланысты уағдаласқан кездесулерді кейінге қалдыру. Сүйіп қалған көңілдерді басу.
06.12.2012
Жолға жиналу. Үйімде екі-ақ күн ғана болып, түзден ас ішкенім көбейіп кеткені-ай бұл жолы.