Иә, дәл солай! Ақтөбе қаласын аралағыңыз келсе, арзан таксиге мініңіз. 20-шілдеде Ақтөбеде Яндекс.Такси сервисі жұмысын бастады. Қала тұрғындары таксиге тапсырысты мобильдік қосымша немесе сайт арқылы бере алады.
Тапсырыс беру үшін диспетчерге телефон шалудың қажеті жоқ: Яндекс.Такси автоматты түрде пайдаланушының орналасқан жерін анықтап, тапсырысты сол жерге ең жақын болған жүргізушіге жібереді. Такси күтудің орташа уақыты 5 минут, машинаның жақындағанын қосымшадағы қала картасынан тікелей қадағалауға болады. Бастапқы кезде жоғары Toyota Land Cruiser 200 автомобильдер жолаушылардың тапсырыстарын орындайды.
Ақтөбеде бірыңғай тариф қолданылады: ең төмен жол ақысы 200 теңгеден аспайды, оған машинаның берілуі және жолдың 1 километрі кіреді, әрі қарай әр километрге — 50 теңге. Мысалы, Жилгородок алаңынан «Айна» сауда орталығына дейінгі жол ақысы шамамен 300 теңге болады. Қала сыртына тапсырыс берген жағдайда, маршруттың әр километрі — 90 теңге. Жол ақысын қолма-қол ақшамен немесе қосымшадағы банк картасымен төлеуге болады — көрсетілген сома автоматты түрде сапар соңында банк картасынан есептен шығарылады.
«Біздің технологиялар мен алгоритмдер таксиді қолайлы және арзан көлік түрі етеді. Тапсырысты пайдаланушыға ең жақын жерде орналасқан жүргізушіге бере отырып, біз машинаның келу уақытын қысқартамыз, демек, қызмет көрсетудің өзіндік кұнын да төмендетеміз, өйткені жүргізушіге бүкіл қала арқылы тапсырыс берушіге барудың қажеті жоқ». Яндекс.Такси сервисінің халықаралық даму басшысы Мушег Саакянның айту бойынша, қазіргі таңда Ақтөбедегі жол ақы құны ең қолжетімді болып есептеледі.
Таксиге тапсырыс бергенде, нақты мекенжайдың толық атауын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауы болса, Яндекс.Такси картадан өзі тауып, керек жол бағдарын құрайды. Сонымен қатар, машина беру үшін ең ыңғайлы жерді ұсына алады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың арғы жағына өту жеткілікті — такси де тез келеді және жол ақысы да төмен болады.
Яндекс.Такси жүргізушілермен тікелей жұмыс жасамайды, таксопарк және диспетчер қызметімен ынтымақтаса жұмыс жасайды. Тапсырыстарды тарату кезінде, пайдаланушылардың бағалары мен орындалған жолсапар статистикасы негізінде жүргізушінің рейтингі ескеріледі. Ақтөбеде 4 серіктес таксопарктің 100 автокөлігі қызмет көрсетуге қойылған. Қазақстанда Яндекс.Такси сервисі Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шымкент қалаларында жұмыс жасайды.
Яндекс.Такси ақысыз қосымшасы iOS және Android-та қолжетімді, жол ақысын сайтта есептеуге болады.
Яндекс.Такси сервисі Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Грузияда жұмыс істейді. Жалпы алғанда қызмет көрсетуге 200 000 жүргізуші қосылған.
Жаңалықтың көрнекті материалдарын Яндекс.Дискте табуға болады.