АҚТАУДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

АҚТАУДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде сенбілік өтті.

Мекеме басшысы әділет подполковнигі Есбулат Ағлепесұлының айтуынша, сенбілік өткізу бұл дегеніміз әдемі әлемді, әдемі қалпында сақтау қалу барлығымызға ортақ міндет, ашық ауада бейресми жағдайда жұмыс жасауға деген тамаша тәсіл, өйткені тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек. Сондықтан да осындай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұру қажет деп санайды.

Бүгін жеке құрам қызметкерлері мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік өткізу үшін аумақты жалпы тазалау іс-шараларының жоспары жасалды, әр бөлімге аймаққа жауапты қызметкерлерді көрсете отырып, аймаққа бекітілді. Сенбіліктегі жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Сонымен қатар мекеменің әкімшішілік ғимаратының аумағы ретке келтіріліп, түрлі қоқыстардан тазартылды.