Ақтауда «Nomad Fashion Aqtau» сән көрсетілімі өтті

Ақтауда «Nomad Fashion Aqtau» сән көрсетілімі өтті
жеке
блог

Сән әлемі Қазақстанда қарқынды түрде дамып келе жатыр. Сәнгерлеріміз ұлттық нақышта да, әлемдік трендтерге сай қылып та киімдер тігіп, елге паш етуден жалықпайды. Соның бір дәлелі- 10 тамыз күні Ақтау қаласында өткен «Nomad Fashion Aqtau» сән көрсетілімі. Бұл көрсетілім Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жылға орай ұйымдастырылды. «Nomads community» ұжымының ұйымдастырған бұл сән көрсетілімінде Отандық әлемдік деңгейдегі сәнгерлеріміздің Италияның Милан қаласында өтетін Fashion Week-қа дайындаған киім үлгілері көрсетілді. Қазіргі интерпретациядағы ұлттық киімдер топтамасының эксклюзивті шоуы көпшіліктің көзайымына айналды. Отандық брендтерден «Alfa brand kz»,«Irismustakhim» , «Zhadyra Patchwork»,«Ks brand kz» , « Pugacheva brand» өздерінің ерекше топтамаларымен көрермендерді таң қалдырды. Сондай-ақ, «Dimash silver» күміс әшекейлер коллекциясы көпшіліктің назарын аудартты.

Бұл көрсетілім тек қана топтамалармен шектелген жоқ. Шоу бағдарламасы да өз деңгейінде өтті десек болады. Көрсетілімнің арнайы қонағы ретінде Американың Vogue  сән журналын бағындырған тұңғыш әрі жалғыз қазақ домбырашы - Маржан Капсамат шақырылған болатын. Маржан қызымыз құлақ құрышын қандыратын домбыраның әуезді үнімен көрерменді елітіп әкетті. Жанды және интерактивті музыканың арқасында көрсетілім әсерлі өтті.

Айта кетерлік жайт, «Velada models» агенттігінің модельдері әдемі жүрістерімен бұл көрсетілімді одан сайын әрледі. Модельдер өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.

Көрсетілім соңында дизайнерлер арнайы дайындалған киім үлгілеріне ұтыс ойын жасады. Фуршет, профессионалды фотограф, видеографтардың арқасында бұл көрсетілім керемет деңгейде өтті. Келген көрермендердің қуанышында шек жоқ.