Ақтарылған ақ сырым
блог
Бауыр етім, жан ағашым, сені қатты сағындым
Өтінемін жабырқатып мұңаймашы алтыным
Ойламашы қайдағыны, бекем болшы бәріне
Сеземін ғой ауырғанын жүрегіңнің, жаныңның
Мендегі бар қуаныш та, қайғы да бір – өзіңсің
Сенің сөзің, адалдығың үлгі болған мен үшін
Әке болып, шеше болып дараландың жасыңнан
Мендегі лүпіл соққан жүрек соны қалай ұмытсын?
Арнау орнына өміріңді жастық пенен күлкіге
Айыр бастап кеттің дағы біздер үшін түнекке
Қарбаласып ылғи ыза, қайғы-мұңдарға
Ағатайым өміріңді сарп еттің ғой біздерге.
Сендегі қара шоқ көздер арылмады-ау мұңдардан
Тау етегін басқандай боп үйірілді қара аспан
Күнің шықса кейде сенің оң жағыңнан жарқырап
Дереу оны бұлт әкетті-ау дауылдармен ойнақтап.
Білдірмейсің, сездірмейсің сондадағы жадырап
Жасырасың жанардағы өкінішті қайта-қайта қылжақтап
Бірақ сенің сол кішкентай лүпіл соққан жүрегің
Кейде ойлаймын қаншалықты шыдар екен жалақтап
Сондықтан да мен өзіңді теңеймін ғой тамырға
Кең жаятын, сездірмейтін ауырғанын жанына
Күз келгенде жүзің солып жанарың кейде ортайят
Оның сырын сен ұғасың өзге емес жан аға.
Тағдырыңды оңашада қаралайсың неге деп
Терме қойып жалғыздықта қараңғыда өкселеп
Соны мына қарлығашың сезбейді ғой дейсің бе?
Қате пікір, келіспеймін сен ойлама олай деп.
Ардағым-ау, әр тынысың белгілі ғой бір маған
Кейде тіпті мен кезимін, өзіңменен ойланам
Сондықтан да ағатайым аман болшы әрдайым
Қарындасың сенсіз ғұмыр кеше алмайды бір адым...
Гүлжан Серік