Ақша жайлы балалар не ойлайды?
блог
Бала тілі-бал. Бүгін балалардың ақша туралы ойын білгім келді. Әр балаға ақша туралы және оны қайда жұмсайтындарын сұрап білдім.
Ақжүрек, 3 жас
"Ақша берген кезде сағыз, чупа-чупс, шар алам." 1- мамыр күніне барлық балалар шар ұстап жүргенге бар ойы шар алуда болды, менімен сөйлесе сала шар алуға кетті папасымен.
Әнуар, 4 жаста
Папам ақшаны таудан әкеледі, көп қылып әкеледі мен оның бәріне сағыз, қаймақ алам. Апам екеуміз қаймақты жақсы көреміз. Апама әкелген қаймақтарын ұрлап жеп алам :)
-Папаң ақшаны таудан әкеле ме?
- иа, сен соныда білмейсің ба, тауда ақшалар ағаштарда өсіп тұрады. Жақында менің туған күнім папам көп қылып ақша жұлып келеді, мамам солай деп айтты. (папасы орманшы)
Бота, 4жас
- Мамам маған тиын ақшалар береді, өзім магазинге барып сағыз, сағыз, тағы сағыз алам.
- Мамаң қағаз ақша бере ме?
- Жоқ, бермейді. тек тиын береді
- тиын ақша көп пе, қағаз ақша көп пе?
- тиын, оған көп сағыз келеді
Ернұр, 6 жаста
- маған ақшаны папам, атам береді. Мен оған самса, сағыз алам. Қалғанын жинап қоям да мама берем, маған киімдер әп береді.
-көп ақшаң болса не істейсің?
- мені жақында сүндетке отырғызады, сонда көп ақшам болады, мамам солай деп айтты. Ағаны отырғызған кезде оған дәу велосипед әперген, маған да сондай әпереді.
Ерасыл, 8 жаста
- ақша- ол көп зат алуға болатын нәрсе
- көп ақшаң болса не істейсің?
- копилкаға салып көп қылып жинап мамама берем, папам екеуі дәу үй сатып алады, бәріміздің өз бөлмеміз болады. Қарындасыма әдемі көйлектер алып берем.
Сардар, 10 жас
- берген ақшаны жұмсамаймын, маған ақша берсе мамама берем, ол кісі маған автобусқа төлеуге береді. Сабақта тамақ береді, ал көшеден сатып алып жемеймін, сатып тұрған апа қолын жумаса мен ауырып қалам ғой.
- Көп ақша берсе қайтесің?
-Мысалы қанша?
- Миллион
- Тығып қояр ем. Кейін оқуға жұмсар ем, оқуға өз күшіммен түссем ол ақшаға машина не үй алар ем.
- сонда, мамамаң мен папаңа бермейсің ба?
- енді өскен кезде соларды бағу үшін де тығып қоям ғой, ол кезде олар қартаяды ғой.
Балалы үйде ұрлық жатпайды, әркім өз үйіндегі жағдайды түсіндіруге тырысты. Олар кішкентай болса да ата-аналарының қиындықтарын сезеді, барынша оларға көмектесуді ойлайды...