Ақсақалдың батасы
блог
Кеше ауылда бір той болып еді,
Кәрі-жасқа үй маңы толып еді.
Тойда небір жақсы тілектер айтылды,
Жастарың шараппен;
Шал-кемпір арақпен қамтылды.
Ал, содан кеп, әйдә ішу басталды,
Кемпір-сампыр, шал-шауқан да мас болды.
Соңында, жастарға бата бермек болған
Ортаға ебіл-дебілі шыққан
Бір шалды шақырды.
Ол да өзінше, керіліп-созылып болмай қалды,
Бірақ әлгі шалға жұрттың көңілі толмай қалды.
Себебі ол шал;
Шалбарының ышқырлығын көтеріп қойып,
Насыбайын шырт еткізіп түкіріп қойып.
Былай деп бұтып-шатып бата берді.
- Оу, қарақтарым,
Көбейе берсін арақтарың.
Біз сияқты ақылгөй шалдарды
Желеп-жебеп жүрсін жаратқаным.
Ал енді, әрдайым жүріңдер
Туған айдай жарқылдап,
Көтерем аттай қалтылдап.
Нақыл бізден, ақыл жастан болсын,
Бастарыңда тақия, пұттарыңда штан болсын.-
Деп осылай бата берді,
Соқыр есітіп, саңырау естімеді.
Әлгі шалды тыңдап барлығы сасып қалды,
Бала-шағала ауыздарын ашып қалды.
Ал,келіндері ұялып беттерін басып қалды.
* * *
Әрине, мұның бәрін әзіл дейік, күлейік,
Бірақ , бата беру тәртібінде білейік.