Ақпараттық соғыс және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі.

Ақпарат әлемді билеп , түрлі мәселелерді шешіп те оны туғызуға ықпал бола алатын айтарлықтай күшке ие құрал. Біздің ғасыр ақпараттардың толысқан, соғысқан заманы. Сондықтан, қай елдің ақпараты күшті болса, сол мемлекеттің әлемдік аренадағы беделі мен басымдылығы да білініп тұрады. 

Осы уақытқа дейін, ақпарат газет , журнал, радио немесе телеарналар арқылы берілсе , бүгінде оның қатарына ғаламтор қосылып ақпарат тасқынын одан әрі күшейтті. 1969 жылы интернет пайда болған соң, алдағы 30-40 жылда интернет әлемді тез жаулап алатынына ешкім толыққанды сенімді емес еді. Алайда, ол қзге ақпарат құралдарына қарағанда әлдеқайда жылдам дамып, мықты қаруға айналды. Өйткені радио өзінің аудиториясын 50 млн азаматқа жеткізу үшін 38 жыл жұмсаса, теледидар 13 жыл, кабельді теледидар 10 жыл, ал интернетке небары 5 жыл жеткілікті болды.

Ақпарат ағымы күшейген сайын адамның түрлі мәселелерді білуге деген ұмытылысы артқандығын және оның адам психологиясына ықпалының күшейгендігін атап өтсек болады. Оның бірден бір мысалы , бүгінгі таңдағы көптеген БАҚ-ның жеке сайттарының болуы, әрі сол арқылы өзіндік саясатын әлемге танытып, өз қызметін мемлекеттік қаруына айналдырды. Қару ретінде АҚШ «CNN», Европа елдері «Euronews» пен «BBC», Ресей 24, Арабтықтар «Al-Jazeera» каналдарын және әлеуметтік желілерін қолданды.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қаперіне ұстаған Катардағы «Al Jazeera» телеарнасы да мемлекеттің қолдауымен әлемдік телеарналардың біріне айналды. Бүгінгі күні бұл телеарна ақпараттық соғыста ешкімге, тіпті АҚШ-тың өзіне де дес бермей келеді. Ал, АҚШ ақпараттық соғыста «Al Jazeera» араб телеарнасынан бөлек, Қытай мен Ресейден де бәсі төмендеп жатқанын кейбір сарапшы мамандар айтып жүр. Қытайлар әр түрлі тілде таратылатын ғаламдық телевизиялық желі құрып жатса, орыстар ағылшын тілді телеарна ашып алды. Бұл бүгінгі күнде АҚШ-тың ақпараттық кеңістікте беделі мен ықпалы азайып бара жатқанының анық айғағы болса, бір жағынан басқа да елдердің ақпараттық үстемдікке жеткісі келетіндігінің дәлелі.

Бүгінгі күні қандай дап бір екі ел арасында мәселе туып қалса болғаны өз елінің баспасөзімен қатар шетелдік журналистер де жарыса жазады. Олардың мысалы ретінде, бірнеше жыл бұрынғы Ресей мен Беларусь арасындағы келіспеушілік газ жанжалынан бастау алып, соңы ақпараттық соғыспен аяқталған еді. Бұл жағдайды көршілес елдер түгілі, Батыстың ақпарат құралдарының өздері жарыса хабарлады.

Енді қазіргі таңда әлем ақпараттық құралдары Сирия мәселесін талқылап, күнделікті жаңалықтарды жаңартып беделге ие болуға ұмтылады. Алайда, солардың арасында шынайы тәуелсіз ақпарат беретіндер аз. Керемет талдау жасаған деп әдеттегідей BBC  мен CNN- ді атап өтсек болады. Өйткені, олар мәселенің қашан және неден туғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңін талқылап, түрлі инфографикаларды орындарды қолдана білген.

Журналистика төртінші билік деп бекер айтылмағанын оның бүгінгі күнде, мемлекеттің имиджін қалыптастыру мен саяси аренадағы беделіне тікелей ықпал ететіндегін атап өтсек болады. Мәселен, Ресейдің халықаралық стандарттар мен заңдарға қайшы келетін әрекеттері үшін салынған санкциялардың санының артқандығын мәлімдеді. Одан кейін, көпшілік Ресейге салынған санкциялардың өздеріне кері әсері тимес үшін іргесін аулақ сала бастады.  

Демек, әлем елдері арасындағы байланыс және бірін татуластырып ,бірін қарсы қойып отырған - ақпарат. Мәселен, бүгінгі таңдағы Ресейдің ақпараттық құралдарының Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы жазған пікірлері отандастарымыздың екі жаққа бөлінуіне әкеліп отыр. Сол себепті, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мынадай негізгі міндеттерді жатқызуға болады:

1. мемлекеттің және қоғамның басты мақсаты адамның өркендеуіне ақпараттық саланы бағдарлау;

2. ақпараттық қауіпсіздік туралы мемлекеттік доктрина яғни ғылыми концепция әзірлеу;

3. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біріңғай мемлекеттік саясатының жүзеге асыру механизімін және негізі бағыттарын анықтау.



Бөлісу: