Ақпараттық қауіпсіздік: АҚШ және әлем елдері (инфографика)
блог
Ақпараттық қауіпсіздік туралы айтылса біздің ойымызға бірден мемлекеттік құпиялар, халықаралық деңгейдегі оқиғалар туралы ақпараттар, экономикалық ұйымдардың мәліметтері, сайттардың санды мәлімет қорлары тектес дүниелер түсуі әбден мүмкін.
Ақпараттық қауіпсіздік тек мұнымен ғана шектелмейді. Ол біздің тұрмысымызға ендей кіріп кеткен. Ең қарапайым, сіз онлайн төлем жасап домен сатып алдыңыз. Ал, сол онлайн төлемді қандай ғаламтор жүйесін пайдаланып сатып алдыңыз? Үйдегі интернет пе? Әлеуметтік WiFi ма? Егер орталық алаңдағы немесе белгілі бір кафенің WiFi-ын пайдалансаңыз, онда сіздің төлем картаңыз туралы ақпаратты WiFi таратып отырған адамдар оп-оңай-ақ тауып алып, пайдалана береді.
Сіз браузерге түрлі парольдарды сақтап қою әдетіңізде бар ма? Егер бар болса, онда ол әдетті өзгертіңіз. Егер қара ниетті адамдар болса, браузердегі қосымшалар арқылы өзге жақтан сіздің аккаунтыңызға емін-еркін кіре алады. Жеке смартфоныңызды немесе ноутбугіңізді сенімді адамдарға ғана пайдалануға беріңіз. Ол да сіз туралы немесе сіздегі ақпараттардың ұрлануының алдын алады.
Sina.com.cn сайты ұсынған деректер бойынша АҚШ және өзге де әлем елдерінің қарапайым ғаламтор қолданушы жастарының осы саладығы артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырған санды-мәліметтерді инфографика арқылы ұсынып көруді жөн санадық.