Әкім кетті қоғамдық көлікпенен...
блог
Иә бұған еш таңқалудың қажеті жоқ. Тағыда әкімдер жайында. Анау-мынау әкім емес Мұнайлы өлке саналатын Атыраудың бұрыңғы әкімі хақында. Турасын жазғанда Бергей Рысқалиев мырза жайлы үзік сыр. Бұл әкім келгелі Облыс аймағында атқарылған біраз шаруалар өз жемісін берді. Алыс-жақын маңның бәрі дерлік көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Қала ішілік жолдар, аудан аралық жолда, ауыл ішілік жолдарда күрделі жөндеуден өтіп, ауыл іші абаттардырылды. Ауылға сонымен қатар жарықта, суда келіп ауыл бір марқайып калды. Қысқасы керегеміз кеңейіп, шаңырағымыз шайқалмайтындай дәрежеге жетті. Қала ішінен көркем ғимараттар бой түзей бастады. Бірнеше ықшам аудандар пайда болды. Бұл Бергей қызмет еткен 6 жыл ішінде болған жетістіктер десек болады. Ең бастысы бұл емес қыста қар күрейтін техникалар, жазда жолға су шашатын техникаларда жасақталып қала ішіндегі жолдарда біраз тәртіпке келді. Қоғамдық көліктерде жан-жаққа қатынай бастады. Бұрындары гвзель көлігіне мініп, тығылысып, бүкірейіп бар қиындықты көретін жолаушылар қаланың ана шеті, мына шеті демей сол бүкірейген қалпы жететін. Бергейдің ұйымдастыруымен бұл мәселеде өз шешімін тауып оң жолға қойылды. Семей қаласынан құрастырылып шығатын автобустарды қала өміріне, жолаушыларға арнап алдырды. Бұған Батыс Транс Сим жшс-гі де мұрындық болды. Бұл серіктестік жолаушылар өміріне бар жағдайды жасап, күн демей, түн демей мүлтіксіз қызмет атқарды. Бұрынғы газельдер сиреп жолаушылар діттеген жеріне еркін, әрі жайлы қауіпсіз жеткізілді. Бұл Бергей Сәулебайұлы атқарған игі істердің бастамасы ғана еді. Халық алдында абыройы асқақ, облыс халқына ең жақын басшылардың бірі һам бірегейі болды. Десекте тірлік ұзағынан бақыт әкелмесі анық еді. Бергей өз қызметінен демалысқа кеткені сол еді, істі болып шыға келді. Бұлай болады деп әсте ешкім ойламаса керек-ті. Бергей кетті барлық істе солай тарқасып кетті. Солардың бірі қоғамдық көліктер. Қала бұдан 4-5 жыл бұрыңғы газель көлігіне қайта жайғасты. Ал жаңа әкім Бақтықожа үнсіз. Олда Орал секілді Атырауды қоқыстар қалашығына айналдырып кетпесе игі болар еді.
Сөз соңында,
Бергей кетті қоғамдық көлікпенен,
Газельден көп қасірет көріп келем.
Барар жерге бүктеліп иілем көп.
Қажып біттім қоғамдық көліктерден.