АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
жеке
блог

ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Акжигит Каламкас Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенттерімен «100 кітап» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Әбділдә Тәжібаевтың «Монологтар» поэмасына арналған кураторлық сағат өтті.Студенттер кураторлық сағатта Әбділда Тәжібаевтың «Монологтар» поэмасы 1964 жылы «Жүректілер» атты жинақта жарияланған. Бұл  ақынның драматургия саласындағы еңбегі екенін, автор өзі шығармасының жанрын «сахналық поэма» деп атаған. Поэмада 9 кейіпкер барын. Олар түрлі кезеңдерде өмір сүрген танымал тарихи тұлғалар. Бірі ақын, бірі әнші, бірі ғалым, бірі батыр, бірі еңбек ардагері. Олардың бәрінің басын бір жерге тоғыстырып тұрған бас кейіпкер ақыннның өзі және уақыт атты құдірет. Поэмада уақыт данышпан қарт ретінде беріледі. Уақыт пен ақын айтысқа түсіп, керек жерінде уақыт ақынды сөгіп алып отырады. Уақыт ақынға талап та қояды. Алайда әр талабының өз орындаушысы шығады. Кейде ол талапты орындаған жанның өзі опа таппаған болады. Автор бұл өмірдегі басты құндылықты іздеп, шарқ ұрады. Ақыры өмірдегі ең басты құндылық адам екенін түсінеді. Студенттер шығарманың идеясы да осы екенін түсініп, бір-біріне сұрақтар қойып, кураторлық сағатымыз қызықты және жоғары деңгейде өтті.