Ақжар өңірінің арғы тарихы, "Абай жолы" эпопеясында суреттелгендіктен біз Абайдан бергі кейбір жайларын ғана еске түсірдік. Ақжар әлі күнге өз жағасына келіп-кетушілерді ақ тілеу ниетімен қабылдап, шығарып сап та жатады. Естияр қазақ баласының бір соқпай өтпейтін жері Ақжарға күніне бас исек те артық емес. Біз енді Шыңғыс асу үшін Түйееркешті жанай өтіп ке- леміз. Міне, Қарашаның қой тасы. Атақты құсбегілердің соқпай өтпейтін өңірі бұл. Абай атамыз да Өтеген сияқты аңшылармен мұнда сан келіп, аң аулаған. Құз- қия жақпарлары жан шошырлық, біріне-бірі иықтасқан тастар қатты айқайдың өзімен де дүниені талқан етіп, құлап кететін сияқтанады. Бірінің төсін күн сүйіп, бірінің басын бұлт торлаған, екі түрлі көріністі бір жер- ден кездестіріп тұрсыз. Айналасы бірнеше шақырымға созылатын қой тасты арқар мекендейді. Алдағы жақпармен бой таластыра ескерткіш түр. Иә, Базекең осы. "Абай жолы" эпопеясындағы ең басты об- раздың бірі - Базаралы. Сібірде болып, қиыншылықты көп көрген оның ерліктері туралы аңыз күні бүгінге дейін ел аузында. Бұл жердегі қыстақ Базаралы атымен аталады. Көлденең өзені Шыңғысты ұзыннан-ұзақ бөліп жатады. Қазір біз Шалқар жайлауына келіп қалдық. Сай-саласы ағын суға толы аты-шулы жайлау бұл. Абай да мұнда жиі келіп тұрған. Шалқар жайлауының өңірін Абай ерекше қоныс деп бағалайды екен. Мұқаң өз романын Аба Абайдың Шалқарға деген ыстық сүйіспеншілігін суреттеу- мен ашуы тегін емес. Байтас пен жорға Жұмабай осы Шалқарды жайлайтын. Жас Абайды Семейден оқудан елге алып келе жатқан осы екі адамның жас бала жан-жағына жігіттің Шалқарға ілінгеннен кейін карайлап, жүрісінің баяу тартқаны есіңізде болар. Абай Шалқар жайлауында Крыловтың "Есек пен бұлбұл", "Піл мен қанден" мысалдарын аударған. Оның себебі, өз әкесінен зорлық көрген Бежейдің туыстары осы Шалқар бойын жайлаған. Шалкар мен Саргөл көлі қатарлас. Саргел тау үстінде жатыр, Қамыс-құраққа оранған айдыны шалқар көлдің суы тұщы. Құс базары да осында. Құс аруы аққулар жүр сылаңдап. Неткен тамаша та- биғат! Бұл көл - аса терең көл. Кей жылдары қамыс- құрағы су астында қалып, осы атырапты тегіс толқын жабады. Абай өзінің тірі кезінде Саргөлдің құсын "мыл- тық атып, шошытпандар, тірлік иесін өз үйінен қуғанмен тең"- дейді екен. Сондықтан үйрек, қаз аулауға дұзақ пайдаланылған.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 190-200-беттер