Ақиық ақынға
блог
Әкемнің ақкөңіл ақын досы бар - Дүйсенбай Таймырза деген. Ол да басқалардай Мұқағали Мақатаевты пір тұтып, талантына тамсанып өлең арнаған ақындардың бірі. Ақиық ақынның бүгін туған күні болғандықтан, сол кісінің өлеңін назарларыңызға ұсынамын.
«Мұқағалиға»
Мұқағали - қазақтың саңлағы,
Мұқағали - ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
Оқығанша жырыңды тағат таппай,
Ауға түскен ақбауыр шабақтардай.
Жатқа айтпасам өзімді сезінемін,
Тоқтап қалған мезгілсіз сағаттардай.
Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дархан елің.
Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.
Жо-жо-жоқ қызғанбаймын, қуанамын,
Аралаймын сен жазған жыр алабын.
Сенің жырың жаныма қуат берген,
Ал онысыз тіршілік бір-ақ адым.
«Дос» болса болған шығар шараппенен,
Кезім жоқ оны ішкіш санап көрген.
Керісінше жырларын мұқияттап,
Кір шалдырмай, бүлдірмей әлі ап келем.
Кітаптары үйімде сақтаулы тұр,
Құран тұрған сөреден сәл-ақ төмен.
Дүйсенбай Таймырза.