Ақерке Әбілхан: "Мұғалім болғым келмейді"

Ақерке Әбілхан: "Мұғалім болғым келмейді"
жеке
блог

"Сырлы сұхбат алаңында" қонақта - Ақерке Әбілхан!

 

Ақерке, ең алғашқы өлеңіңіз есіңізде ме?

Негізі мен әлі өлең деп айтарлықтай дүние жазған жоқпын. Ал ең алғашқы тақпақ дегенге жауабым жоқ емес. Ең алғаш бесінші не алтыншы сыныпта «жастық шақ» деген тақпақ жазып, өзімше ақын болғым келген. Ол тақпақ қазір жоқ өзімде. Мазмұнын есіме алсам, езуім жиылмайды.

Өзіңізді 10 жылдан кейін қайда елестетесіз?

Алла қаласа, 10 жылдан кейін де тірі болсам, «Мама» деп жүгіріп жүрген балаларыма өзімше ана болып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырармын. Алдымызда не күтіп тұрғаны ешкімге аян емес қой, әйткенмен.

 

 

Өміріңіздегі ең бақытты сәт?

Көөөөөп! Әлі де көп болғай. «Мынау менің ең бақытты сәтім» деп ен тағып тастағам талай күнге.

Массагетке қалай келдіңіз?

http://massaget.kz/blog/3867

 

Бірнеше дәуренді тәрбиелейтін болашақ мұғалімсіз ғой! Айтыңызшы жеке ойыңызды, мұғалім болатын студент қандай болу керек? Не істеу керек? Жауапкершілік, міндет сияқты мәселеге келгенде айырмашылық бар ма басқа мамандықтардан? Әлде, "Барлық мамандыққа бірдей жауапты болу керек, шопыр болсаң да, мұғалім болсаң да!". Осы дұрыс па?

Жауапты болу керек барлық жерде! Сонымен қатар өз кәсібіңді сүюің керек деп білмін. Бірақ мұғалім болғым келмейді. Неге демеңіздерші, тек.

Басқа қалаға я шетелге мамандық бойынша жұмысқа шақырып жатса, келісер ме едіңіз?

Біржола кетуге келіспес едім. Тіпті ондай ойым да жоқ. Ойды бұзбаңыздаршы, құрысыыыын))

Неліктен Луиза есімін таңдадыңыз?

Ол менің сүйікті кейіпкерім. Луиза – ҚазҰУ-дың «Біз» студенттер театры қиялдан жасап, сахнада тірілткен кіп-кішкентай ғана күнәсіз қыз. Осы рөлді ойнаймын деп, былтырдан бері Ақерке атымды жұрт аузынан аз еститін болдым. Өзім де Луизамды жақсы көрем. Кейде Луизамды сағынамын. Өзім де Луизадай болғым келеді. Ал шын Луиза - http://massaget.kz/madeniet/teatr/1548

 

 

Өзіңіз құрметтейтін Массагеттік бір адамды атаңыз.

Бәрін құрмет тұтамын. Бірақ Анараға құрметім ерекше

Сіз өте жақсы көретін 3 адам (ата-анаңыз, бауырыңыз, ұстазыңыз дегендей емес, ол жалпылама танымал болуы тиіс)?

Ренжімеңізші, өте жақсы көрем деп қай танымал адамды айтарымды білмей қиналып отырмын. Танымал адамдардан қатты жақсы көретінім жоқ сияқты ма деп қоямын.

 

                                                        Сырлы сұхбаты үшін Ақеркеге үлкен рақмет!

                                                        Суреттер сұхбат берушінің жеке мұрағатынан!