Әкең өлсе де...

"Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін" деген сөз рас негізі. Сенбі күні ауыл жаққа бардым. Жексенбі таңертеңгілік әжем мен атамның бейітін көтеруді бастадық. Ауылдың үлкендері жақсы ғой ақыры. Бейіт басына қымыздарын, қаймақтарын, шелпек пен бауырсақтарын әкеліп құрандарын бағыштап жатыр. Сол кісілерге арналып сойылған малдың етін үй жақтан жеп кекіріп, тісін шұқып қайтып кетсе де не істеуші едік біз оларға? Қиыншылық көрген, соғыс жылдары балалық шағын жоғалтқан буындар ғой. Асылдың сынықтары шетінен. Бұлардан кейінгі буынның шалдары қарасын да көрсетпеді шыны керек. Өзіміз қатарлы ауылдың жастары бейіт басында жұмыстарға ат салысып, көңілді бір марқайтып жіберді.
Бейіт басында жүріп "Егер, осы бейітті кілең ФБ-да отыратындар салсақ не болар еді?" деп ойладым. Біріміз кірпіш көтеріп тұрып суретке түсіп, енді біріміз екі қолымызға екі су толы шелек алып онымен бір түсіп, "раствордағы" жігіттер мына жақтан өз-өздерімен суретке түсіп ол бейітттің шаруасы келесі жексенбіге қалуы мүмкін еді. Арасында ет жеп қымыз ішіп отырған кезімізді суретке түсіріп алып, ширақтар дәл сол жерден суреттерін ғаламторға жүктеп жатар ма еді?
Ал, бейітті атамыздың өзі айтып кеткендей тым асқақтатпай, орта бойлы адамның кеудесінің деңгейіндей биіктікпен аяқтадық. Әзірге Барзақ әлемінде тұрған жандарыңыз қиямет күні келген соң жәннаттан орын алсын сүйікті АТАМ жән ӘЖЕМ!



Бөлісу: