Әкеміз 80 жаста
жеке
блог
блог
Ауылымның ардақтаған ақсақалы,Ұстаз болдың білімді, мол сапалы.Құрметпен қараған кәрі-жасы,Ел берген өзіңізге сол бағаны.Шарпылып ызғарына соғыстың да,Ауырлыққа бел шешіп болыстың да.Жас едің жасымаған қиындықта,Көргенсің қасіретті болып тылда.Шәкіртің тебіреніп басын иген,Жан едің жаралғанда еңбек сүйген.Болатты да төске салып шыңдағансыз,Ағаштан таңғалдырып түйін түйген.Үлгі-өнеге, тәрбие тоқыттыңыз,Сан жылда сан шәкіртті оқыттыңыз.Немере-шөбереңіз өсіп-өңген,Рас айтам, бүгін сіз бақыттысыз.Тілдесіп, тебіреніп бабаңызбен,Бір күліп, бірге тойлап балаңызбен.Қос аққудай бірге жүзген айдыныңда,Елу жыл бір болдыңыз анамызбен.