Әкемнен ұят болмасын...

Қазақ бала тəрбиесіне мəн берген, соның ішінде қыздарының болашағына, тəрбиесіне қатты алаңдаған. Қыз-Алланың берген сыйы, өз үйіне қонақ, ал қонақты құрметпен шығарып салған. Сұлулығын, кербездігін аққуға, өзін гүлге теңеп, көзінің қарашығындай қорғап, аялаған.

Менің 2 інім бар. Мен оларға үлгімін. Арбаның алдыңғы доңгелегі қайда бұрылса, артқы екі доңгелегіде сол ізбен жүреді. Менің қате басқан əр қадамым əкем мен бауырларыма сөз болады. Осы орайда анамның маған жиі айтып отыратын сөздері:

-Қатты күлме, əкеңнен ұят болады
-Қысқа киме, əкеңнен ұят болады
-Дауыстап сөйлеме, əкеңнен ұят болады
-Тамақты мөлшерден көп ішпе, əкеңнен ұят болады
-Дастархан басында аяғыңды көптеріп отырма, əкеңнен ұят болады
-Айна алдында көп тұрма, əкеңнен ұят болады
-Кешкісін көшеге шықпа, əкеңнен ұят болады
-Əтірді(духи) көп шашпа, əкеңнен ұят болады
-Телефонды көп ұстап, майысып суретке түспе, əкеңнен ұят болады
-Əкем сырттан келгенде тамақ дайын болмаса, киімі жуылып, үтіктеліп тұрмаса тағы да əкемнен ұят болады.

Расымен, қыз бала тəрбиесі қай ұлтты болмасын алаңдатқан. Анамның əр айтқаны маған заң,егер мен оны тыңдамасам "əкемнен ұят болады".



Бөлісу: