Әкем Романов Арман Арстанұлын іздеймін. Сақталған суретіде жоқ. Әйтеуір осы Алматы қаласының маңында тұрады екен деп естігенім бар. Жасы 45-50 шамасында. Ол кісіні ешқашан іздемеймін деп ойлайтынмын. Кездесуден жүрексінетінмін. Көргенде қандай күйде боламын?! Ол не дейді, не деп ақталады деген сияқты сұрақтар мазалағанымен, оған алатын жауапты естігім келмейтін. Осыдан 18 жыл бұрын сіңілім екеуміз анамның қолында қалдық. Байғұс Анам елдің баласынан кем өсірген жоқ. Кейде, осы мен әкесі бар қыз-балалардан жақсы өмір сүремін ғой деп ойлағаныммен, мен моральді түрде өзімді басқа балалардан кем сезіндім. 10-15 жас аралығында әкемнің жоқ екенінде қатарластарымнан жасыратынмын. Ұялдым. 15-19 жас аралығында да жасырдым. Себебі, қорықтым. Әкесі жоқ, қорғаны жоқ деп маған жігіттердің қалай-болса солай қарауынан. Енді күні-кеше жасым 22 -ге толып, бір үйдің табалдырығын аттағалы отырмын. Мақсатым ол кісімен кездесу, сөйлесу емес. Тек сыртынан көріп қайтсам жетеді деп жүрмін. Бұрын ойлаушы едім, көрсем бетіне қараудан бас тартамын, жек көремін деп,ал, қазір менде ондай сезім жоқ. Тек өкпе, реніш бар. Кішкентай болсамда, әкемнің бейнесі, кейбір әрекеттері есімде қалыпты.Мен оны с