Әкемді өзгерткен кішкентай жайында!

Әкемді өзгерткен кішкентай жайында!
жеке
блог

 Балалы үй базар, сәби-періште деп жатады. Расында да солай, үйге сәби келгеннен бастап кәрінің де, жасының да өмірі түбегейлі өзгеріп кетеді. Әркім өз жұмысымен әуре болып жүретін үйде бала дүниеге келсе есіл-дерттің бәрі сол сәбиге ауады. Мен екі ұл,төрт қызы бар ата-ананың төртінші қызымын. Әкем мен анам екінші қызынан осыдан он жыл алдын айырылып қалған болатын. Әрине,қатты соққы болды. мектеп бітіретін қызының соңғы қоңырауды да ести алмай  кеткені қабырғасын қайыстырды. Бұл сынақтан өткеннен кейін анам намазға жығылып, әкем бұрынғысынан да аз қуанатын болды. Әкем-ақын,бірақ отыз жылдан бері салық саласында жүрген ел адамы,сабырлы кісі. Асабалығы бар ақын әкемнің сол жылдарда өлеңдері де мұңлы шыға бастады. Тірі адам тіршілігін жасайды деп күн артынан ай,ай артынан жылдар өте бастады.

 

 

 

 

 

Аида

 

 

 

 

 

 

Ағам үйленгенде бәріміз қатты қуандық, мені бәрінен қатты қуантқаны анам мен әкемнің жүздерінің жарқырай бастағаны. Әсіресе әкем жаңа қосылған,шаңырағына ақ батамен қадам басқан келініне қызындай қарап толасыта өлең жырларын арнағаны. Әрине қуанышқа толы жырлар. Құда-құдағиынан бастап бүкіліне жыр арналды,шаңырақ көтерген ағама, ақ келін жеңгеме,ене болған анама да,өзін ата сезінген күйдегі қуанышы қара өлеңмен төгілді.  Ең алғашқы немересін де сол келіні сыйлады. Ондағы қуанышты айтып жеткізу мүмкін емес. елуден асып ел ағасы болған әкем өзін сол кезде толыққанды ата сезінді расы, алғаш келінінен ұялатын,кейін баланы қолға алуға сасқалақтап қалды. Анам үйінің үлкені болғандықтан төркін атаулының бәрі жасынан кәрісіне дейін менің әкемнен қорқатын,түрі сұсты ,киген көзілдірігі одан бетер қатал көрсетеді дейтін.Әркімдікі өзіне ғой, асылында әкем өте сабырлы, сөзінің жартысы мен қабағынан ақ бәрін ұғатын біз оның мінезін майдай көреміз. Өзім қатты еркелеймін,бірақ басымды сипап еркелеткен емес. кішкентайымыздан інім екеуімізге ертегі айтып ұйықтатады,айтқанымызға жоқ демеген.әсіресе кенже ұлын қатты еркелетіп жіберген. Менің інімді.

 

Үйге  келген кішкентайлар шуласа "шуламаңдар папамның басы ауырады" деп ауыздарын жауып жіберетін ем. Себебі шынында қабағы түйіліп кететін. Сөйтсем өз үйімізде сәби болмағаннан екен ғой. Әкемнің шын балаға деген көңілін Аида туылғанда көрдім. Баламен бала болып шуылдасып ойнап, жата қалып ат болып,үстіне мінгізіп,жарыса сөйлеп, бар тәттіні алдына шашып мен көрмеген бақыт орын алды. Әкемді мұншалықты бақытты көрмеппін,тіл көзім тасқа. Өз балаң тәтті,немере одан тәтті деген сол екен. Баяғыдай " шуламаңдар" деген нәрсе жоқ,Аида не десе сол,заң. 

Аида да атасының қасынан шықпайды,тіпті намаз бастаған әкемнің жанынан қалмай бірге жарыса отыра кететіні бар. "тссс ата намаз тссс" деп бізге үн шығартпайды. Тілі ерте шығып,ақын атасы тақпақтар арнап шығарып жаттатқыза бастады. Алғыр немересі өресі кең,ерен шықты. Мен Нұрымбет Аида Досболқызы деп түрлі әңгіменің басын қайыратын шаққа келді. Жақында жасы үшке толады. айдың  жиырма төрті осы бұзықтың төл мерекесі. 

 Аидадан соң кіші әпкем тұрмысқа шығып ұл босанды. Санжар. Ол да бір тәтті жігіт. Аида тез сөйледі әрі тым пысық,ал бұл кішкентай жасы екіге таяса да аса сөйлемейді,Әр сәби адамды өзінше тәрбиелейді екен. Атасы бұл сәбимен сабырлы күйде отырып әңгіме айтады,құлағын қара домбыраның үнімен толтырып,салмақты дүниеге үйрене берсін дегендей басқаша қарайды. Оның күлуі де қызық. Аидасы ұрысқақ болса ,Санжар сабырлы,әрең ашылған көзімен күліп қана қарайды,қимылы да жай. Екеуінің ұрысы мен шуылдаған дауысына мас болып демалады. Кішкентайлардың әрбір қылығына ұзақ қарап отырады," тиме үйренсін, өзі жасасын" деп барлық нәрсені кішкентайларға тапсырады да солардың қылығын қызық көреді. Туылғанынан оларға ертегі айтып үйреткен ,енді немересі өзіне ертегі айтатын болды....

 

 

Бірақ, бір қызығы, Аида бәрімізге жақындау. Мүмкін ,ұлдың баласы болғандықтан шығар деп қоямын,әйтеуір сол ең алғаш дүниеге келген ,бәріміздің өмірімізді түбегейлі өзгерткен Аида десе бәрінің емешегі үзіле жаздайды. Санжарды да жақсы көреміз ,бірақ өскен сайын қызығы мен шыжығы арта түсетін бұл "сиқырлы" кішкентай қызға ерекше қараймыз. Өзі де тым бұзық. Күлкіге қарқ қылады.

 

 

Немересін ұл мен келіннен алып жазда ата-анам алматыға келген. Бір күннен соң Аида таңертең тұрып алып "алматыда мороженое жоқ екен,ия?" демесі бар ма?! Күлдім де керегін әпердім, тағы ертесіне анама "апа алматыда жұмыртқа да жоқ екен ғой" дейді. Алғашқы намегін мен ұқпаппын,сөйтсем ауылда  шешесі күнде таңертең жұмыртқа қуырып,ал кешке мороженое,кока -кола әпереді екен. Оған дағдыланған кішкентай біздің тамаққа үйрене алмай Алматы сондай екен деп жүр ...бәріміз жатып алып күлдік...

Күн демей ,түн демей қоңырау шалып," Аида өлең" десең ,-бітті,қосылған радио секілді өзімен өзі шырқап кетеді ...жаттаған бүкіл тақпағын айтып көңіліңді көтереді. Қазір балабақшаға баратын оны мен тіпті ұстай алмаймын, |Аидамен сөйлесу үшін үйдегі бүкіл адамға звондап шығамын,соған қарағанда туылған күніне қиналмай телефон әпере саламын-ау....Ұзағынан әңгіме айтатын кішкентайымыз маған звондап "жұмыста не істеп отырсың?" деп сұрап қоймайды,"жұмыс жасап сол" десем, "енді қандай жұмыс, не істеп отырсың?" деп кететіні, "сен ұқпайсың ғой текст жазып отырмын,сценарий " десем түсінген адамша "аа солай ма?" деп қояды... қалай күлмейсің сосын..

 Айта берсем қызық,жаза берсем шимай көп. кішкентайларды да ,әкемді де сағынып жүрмін. Кішкентайларыңыз көп болсын.

Туа беріңіздер,туа беріңіздер,туа беріңіздер!!!!