Әкем үшін ұяламын дейді...

Әкем үшін ұяламын дейді...
жеке
блог

    Әкем үшін ұяламын дегендер – бірінші өздері үшін ұялу керек 

         Қазанның 13 күні журналистика мамандығында оқитын бірнеше студентпен Қазақстан телеканалына  жол тарттық. Жаңғырған желтоқсан көшесінде бой түзеген Қазақстан телеканалының ғимаратына келдік. Мақсатымыз «Айтуға оңай» бағдарламасына көрермен болып қатысу еді.

         Бірақ түсірілім алаңына келсек қабырғадағы экранда бақырайып «Әкем үшін ұяламын» деген тақырып көзге шоқтай басылды. Қазақ балам үшін ұяламын деп айтатын еді, енді әкем үшін ұяламын дегенді де шығарыппыз. Бұл жазуды оқып, шыны керек, еңсеміз түсіп кетті. Қазақта «Әкең – асқар тауың» деп  ардақты әкелерді биікке қойып, құрметтейтін еді... Иа, бес саусақ бірдей емес, бірақ, әкеміз қандай болса да, ол біздің әкеміз, біздің қорғанымыз, тірегіміз. Тіпті әкелік міндетін істемей жатса да, біз перзенттік парызымызды өтеуіміз керек. Исламда ең бірінші анаңды, содан сон тағы анаңды, үшінші ретке де анаңды сыйла деген, ал ақ сүт берген анамыздан соң әйеліңді емес, досыңды емес, басқаны емес, асыл әкеңді сыйла делінген.

         Ал енді бағдарламаға үш кейіпкер келді. Оның алғашқысы «әкемнің артық жүрісі көп, онысын кешіре алмаймын, әкемді жек көремін» деген бойжеткен. Ол әкесі уақытында қызын бағып-қағып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап, еркелетіп өсіріпті. Соңғы уақытта серілікке салынып, көше кезетін болып, отбасынан жырақтай бастапты. Осы жағдайдан соң бойжеткеніміз әкесін жек көреді, сонда әкесінің өсіріп жеткізгені, басқасы да қалыс қалып, соңғы жағдаймен қызының қарғысына ұшырап отыр. Шатасқан шығар, жағдайлар болған шығар, ер адам болған соң, табиғатына дауа бар ма?... Бір шалыс басылған қадам үшін бар қазақ жұртшылығы көретін бағдарламаға келіп әкесін жерден алып жерге салғаны, менің ойымша, ардан аттап, ата-анаға айғай түгіл сөз айтуға батпайтын инабатты қазақ қыз-жігіттері үшін жат қылық. Бұл тек менің ғана пікірім болған жоқ, сарапшы болып қатысқан ақиық айтыскер ақындарымыз Төреғали мен Жандарбектің де ойы жалпы көрермен қауымның пікірі.....

         Екінші кейіпкеріміздің жағдайна ештеңе айта алмадым, есін білгелі, 22 жыл болыпты, әкесінің маскүнемдігінің зардабын шегіп келе жатыр екен. Көшеден араққа тойып алған әкесін үйіне көтеріп әкелумен-ақ балалығы өтіпті. Ішпесе жақсы, ішсе жаман дейді. Енді ол кісінің жағдайы ұзақ емдеуді қажет етеді десе, ауруханаға апарып абройымызды айрандай төккім келмейді дейді. Қазақ десе, өзіңе тиеді, алайда, аурудан айыққаның несі айып? Сол керексіз тәкаппарлықты қашан қояды екенбіз, өз түбімізге өзіміз жетпесек болғаны...

         Үшінші қонақ әкесімен мақтанады екен. Бірақ ол үшін біз ұялып кеттік. Себебі, бұл жігіт әкесінің мақтанышын тек ақшаның құнымен есептесе керек, жағдайың жасалса, ішкеніңді артыңнан, ішпегеніңді алдыңнан келтіретін әке мақтанарға тұрады екен. Әкесі тіпті жаман жолға түскен жағдайда да мәселені ақшамен жауып, бәрінің ауызын жасыл қағаздарын ұсынып жауып тастаса да болады дейді.... 

         Біз азып та тозып та кетіпік қой. Бағдарлама аты керісінше болса жақсы болар еді. Қазақ даласында қаншама ұл-қыздар әкелерімен мақтанады ғой.... Әке шешенің қадірін жетімнен сұра демекші, алдыңғы жылы мен сұрап та үлгергенмін. Сонда жәудіреген көзімен маған қарап – «Әпке, әпке, шіркін, қандай болса да, ата анам болса ғой... Қандай болса да, тек сол кісілердің барын бір сезінініп көрсем болғаны. Қандай бақытты сезім. Сіз қандай бақыттысыз. Олардың киімін кигізіп, өзім тамағын табамын, тек болса ғой, артық ештеме қаламаймын, әпке...» деп көзіне жас алып еді...... Біреулер тойып секіреді, біреулер тоңып секіреді. Көпке топырақ шашқым келмейді, шынымен жағдайларын түсіне алмайтын да шығармын. Бірақ барлығының құлағына алтын сырға, ата - анадан қадірлі, ата анадан асқан бұл дүниеде ешкім жоқ,  қол