Әке туралы

Әке туралы
жеке
блог

Сәлем массагеттіктер достар! Қалайсыңдар, аман-есенсіңдерме, үй іші аманба? Ең бастысы денсаулық мықтыма?! Массагетке соқпағалы бірнеше айдың жүзі болыпты, мен ең бірінші массагетке тіркелгенімде блоктарды азды кем оқып, посттар жазып жүретін едім. Ал қазір байқап отырсам массагеттің ауқымы біршама кеңейіпті, тіпті блогтарды оқып таусыла алмассын. Қызықты блогтар, көңілінді көтеретін, бір күлдіріп алдыратын қызықты тақырыптар, онымен қоса көңілінді түсіріп тастайтында тақырыптар кездесіп жатыр.

Соңғы кезде әке туралы посттар көп жазылып жатыр, әке туралы бірдеңе көре қалсам болды селк ете қаламын. Себебі, әке туралы неше түрлі әдемі сөздер мен мейірлене жазылған мейірімді сөздерді оқып әкеме деген сағынышымды басамын.

Әке.........

Сенің мандайындағы тер?! Жоқ ол тер емес ол сондай бір қиыншылықтан шыққан ащы су десемде болады, бірақ өткенге не қайыр? Өмірдің өзі осындай тылсым келеңсіз жағдайларға тап қылса қайтеміз енді. Өмір бұл әрине, Алла тағалынын біздерге берген сынағы ғой. Бұл сынақта неше түрлі оқиғалар болады емеспе?! Сол оқиғалармен бірге күресе отырып, оны жеңуде, одан жеңіліс табуда осы бір адамзаттын мойнындағы парыз ғой.
Адамның небір жасамайтын іс әрекеттері көп ғой. Бірақта, оны жүргізе білу өз қолында. Адал ниетпен, имандылықпен жүрген адам баласы үшін ешқандай бұл сынақта кедергісіз жүреді деп ойлаймын.

Әке-асқар тау деп бекер айтылмаған, басына қиын іс түскенде демеу беріп, әкелік күш қайрат беретін адамын болса қандай жақсы. Қиналған сәттерінде, жанын аналық мейірімділікпен қоса әкелік қамқорлықты да іздейді екен. Бірақ, амал қанша қолда бар алтынның қадірі жоқ деген, өте қамығамын. Әкем жарықтық өмірінің ақтық демі таусылғанша бейнетшілікпен кетті. Әкемнің балаларына деген қамқорлығы аса биік еді, қызғаншақтық не болмаса басқалармен бақталасатын кезін көрген емеспін, қолы ашық жомарт кісі еді. Қазіргі заманда әке тәрбиесіне мұқтаж, перзентке қорған,жарға сүйеніш болар әкенің жоқтығы жанымды қынжылтады......

Жаратылған қонақ болып өмірге,
Істеген ісің, ақылың үлгі өнеге.
Қимаймыз, амал бар ма жазмышқа!
Арқа сүйер алынбай асқар тауымыз сен болсаң,
Әлі талай өзіңді сағынармыз жан әке.
   
Өтіп жатыр өмірдің жаз, көктемі,
Біздер үшін күніміз ең көктегі
Тағдырға қайткенде де бағынамыз,
Еске алып айтылады лағыл аңыз.
Дүние жалған біреу ерте, біреу кеш
Өмір заңы солай болса қайтеміз