Әке деген кім?
блог
Әке...Осы сөзді айтсам,бір түрлі қанат біткендей,құс сияқты қалықтайтындай сезімде боламын.Арманға жетелеп,ерлікті білдіріп,алдына күннің бір жарық нұрын өзіне жинап алып,соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын.Нұрға бөленген мейірлі де,мейірімді,тірек,пана болар,жол көрсетер шың - әке.Иә,әке-асқар тау,асқар шың.Көбіне әкеміздің рөлі қарапайым отбасында да байқала бермейді.Өлең шумақтарында,жазбаларда да ананың махаббаты,мейірімі деген сынды әдемі сөз тіркестерін аналарға арнап жатамыз.Әрине, ананың балаға деген махаббаты шексіз теңіз.Дей тұрғанмен,әкенің берер тәрбиесін ұмытпаған жөн деп санаймын.Бабаларымыз сөзге шебер болған ғой, "әкесі жоқ қыздың балтыры қатты,әкесі жоқ ұлдың білегі қаттты болады " деген.Әрине,көпке топырақ шашпаймын.Оның бәрі отбасындағы тәрбиеге келіп тіреледі.Тәрбие-тал бесіктен деп бекер айтпаса керек.Тәрбие туралы айта берсек айтар нәрсе көп.Біздің кезімізде... деп айтатын дәрежеге әлі жете қоймадым.Бірақ,расында анамыздың "әкеңе айтамын",'' әкең келе жатыр'' деген сөздерін естігендегі сезімді сөзбен жеткізе алмаймын...Менің отбасымда әкем-президент,анам-қаржы министрі,тәрбие жөніндегі орынбасары.Әкем шешім қабылдайды,анам орындайды.Осыдан кейін өзіңіз отбасындағы рөлдің маңыздылығын ойлай беріңіз.Қазақ халқында ұлды қалай көкке көтеретіні баршамызға аян."Әйел адам тапқан ақшада береке болмайды" деп жатады,бұл пікірмен келіспеуге де болмайды.
Ана өмірге барғанда,ер адам өзінің әйелі,балалары үшін жауап береді.Білместікпен істелген күнәларыңызды ой таразысына салып,әкеңізге бір қараңызшы?Осы өмірдегі "тұлға" деген статусты алып берген адамды осыған қияр ма едіңіз?Әке-баласы үшін өз өмірін де қиюға барады.Әкелеріміз махаббатын аналарымыз сияқты ашық түрде білдіре бермейді,ол жақсы көрмейді деген сөз емес қой.
Ер адамның қоғамдағы рөлі қандай?Дәл бүгінгі қоғамда ер адамның рөлін нәзік жандылар иемденіп жатқан секілді.Қарапайым көлік жүргізуге келсек,осыдан біршама уақыт бұрын,әйел адам көлік жүргізіп бара жатырса, бізге сондай таңсық болатын.Бүгінгі күні көлік жүргізуші нәзік жандылар көбейді ме,әлде көзіміз үйренді ме? біз үшін жаңалық емес.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,жол апатына түсіп жатқандардың басым көпшілігін - нәзік жандылар.Жаратушы Аллам:" Әйелдің ер адамға ұқсауы-күнә" деген.Оған құлақ асып,ескеріп жатқандар жоқ-ау.
Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзі жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай.Осындай мейірімді,жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап,асқар белдерінен демеп асырып,сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп,алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді.Әке-әркімге де асқар тау,ана-өмір сыйлап,нәр берер бұлақ,бала-жағасындағы балауса құрақ.Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы,шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.