"Әке борышы" атты телехикая

"Әке борышы" атты телехикая
жеке
блог

      Телехикая –   қазірде көпшілікті көкжәшікке жіпсіз байлап, баладай қуантып,  тіпті жақыны қайтыс болғандай қайғыртуда. Бастары қосыла қалса әңгімелерін кейіпкерлерінің тағдырын талқылаудан бастауды бүгінде көп қазақ әдетке айналдырды. Әсіресе түрік телехикаялары басты назарда. Қазір Дениз, Жанан, Фатмагулді көрмейтін қолы бос адам кем де кем.

     Отандық телехикаяларды да тамашалайтын, жұрт жетерлік. Айта кетер жайт Қазақстан ұлттық арнасы бірнеше төл туындыны көпшілік назарына ұсынды. Әлі де ұсынып келеді. Мәселен «Болашақ», «Парыз» сынды білімге, бірлікке, адал достыққа жетелейтін жауһар туындылар көрермен көңілінен шыққаны жасырын емес.  Ұлттық арна қашаннан да өз көрермендеріне тек сапылы туындыларды ғана ұсынады. Осы мақсатта тағы да бір таңдай қақтырарлықтай жоба қолға алынды. «3 Та Пикчерс» компаниясы Ұлттық арнаның тапсырмасымен «Әке борышы» атты 16 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілімін бастады. Айта кетер жайт телехикаяның шығармашылық тобы Түркия елінен шақырылып отыр. Атақты «Фатмагүл» туындысының қоюшы режиссері, операторы енді «Әке борышы» атты телехикаянының сапалы болуына ат салыспақ. Жасыратыны жоқ, елімізде сапалы телехикаялар түсіретін мамандар өте аз. Бәлкім сондықтан да шығар, түрік өнімдерін көруге құмармыз әрі мұқтажбыз. Бірақ неге тәжірибе алмаспасқа?  

     Тағы бір қызығы аталмыш телехикаяның сеценариін де түрік маманы жазып шыққан. 16 бөлімді туындыға түсетін актерлер де таныстырылды.  Құман Тастанбеков, Гүлшара Жабаева, Гүлшат Тұтова сынды белді актерлармен қоса, енді кастинг арқылы өткен жастар да өз өнерлерін көрсететін болады. «Әке борышы» атты отбасылық драмманы сіздер Ұлттық арнаның эфирінен жаңа маусымда тамашалайтын боласыздар.  Бұл туынды түрік телехикаяларынан оқ бойы озық болатынына сенім мол.

"ARGYN"-ның айтары осы.... (Пы.СЫ: Мәлімет көшірілсе сілтеме қойылсын)