Әке

Әке
жеке
блог

«Әке» деген сөзді, әкеге қатысты әнді, өлеңді, әңгімені естіген кезде жігерленбейтін қуаттанбайтын жан жоқ шығар. Бұл өмірде «Әке» деген осынау үш әріптен құралған сөзде қаншама айдынды да асқақ, салмақты да жігерлі, қайратты да мәртебелі мағына жатыр десейші. Әкенің қуатты сөзін, салмақты үнін естімедім, байыпты қабағын көрмедім, бірақ та ол әрқашан менім жүрегімде. Басқа достарым секілді қуанышымды, ренішімді, ойларымды, жетістіктерімді әке сенімен бөліскім келеді.

Осыдан біршама жыл бұрын көрген түсім,  өткендегіде дәл сол қалпы,  айна қатесіз қайталанды. Сіз атты ертеп мініп кетіп барасыз, осы түсімде көргендерім ойымнан кетер емес қалай жорысам болады, не айтқыңыз келді, не білдіргіңіз келді бұныңызбен?

Әке, сенің мен дүниеге келмегенге дейінгі ойларыңды, армандарыңды білгім келеді, өзіңнін болашақ ұлыңның қандай болып өсуін армандадың екен... мен сол сен армандаған ұлың болғым келеді, мүмкін ренжитін шығарсың өз жолынды қуып мал дәрігері болмады деп, әлде ұлыңның басқа мамандық иесі болуын армандадың ба екен, сенің арманыңда кеткен ұл болғым келеді...

Құрметті, массагет қолданушылары, көбін отбасыларынан алыс жерлерде жүрсіздер, «қолда барда алтынның қадірі жоқ» -дегендей, Әкелеріңізге хабарласып, қалдарын сұрап, сағыныштарынды білдіртіп қойсаңыздар, игі іс болушы еді...