Әке -2

Әке -2
жеке
блог

Әке! Бұл мен үшін дүниедегі ең асыл да ардақты есім. Жүрегімнің түкпіріндегі маржандай сақталып келе жатқан асыл қазынам. Сен ұсынсам қолым жетпес,ұмтылсамбойым жетпес арманым болғаның қашан!? Сен қадіріңді мың есе білдірдің,маған керек екеніңді сездірдің күн өткен сайын,жыл өтіп есейген сайын.Әкенің жоқтығын ес біліп,етегімді жапқанан бастап біліп, мойындап келемін. Сол кезден бастап әке,сен менің ақ арманыма айналғансың. Содан бері бір елесті қуып келем, сағым сияқты не ұстатпайды, не көзден ғайып болып, жоғалып кетпейді. Жете алмаймын, жеткізбейсің...


Бір өлеңде  «Әкесін бала сағынар, жоғымды тауып берсін деп» -деген сөздер бар ғой. Мен сенің менім жоғымды тауып,мені ақшасы бар бай адам етсін демеймін, тек әкесі бар бай еткеніңді қалаймын. Байлықты аңсайтын балаң жоқ, Алланың осы күндерді көрсеткеніне де ризамын. Мен үшін қуаныш, байлық мына өмірде өзіңмен бір тілдесу.Әй бір-ақ ол қуаныш маған бұйырмаған ғой Үніңді естіп,бейнеңді көз алдымда көру, сен ойлап көз алдыма елестеткенде жас бір жігіт елестейді өзіңнен қалған жалғыз естеліктегі суретің.

Бір нәрсеге ашуланған сәттерімде іштей сенімен Сен деп тілдесемін, ал қуанышымды айтқанда Сіз деп тілдесемін. Неге екен? Қызық...

Ауыр ойлар басып еңсемді көтере алмаған сәттерімде сенің ардақты ұлың болуым керек сен ана жақта жатып мені мақтан тұтуың керек деп өзімді қайрап сол қараңғылықтан шығарамын. Сен алаңдамай жатуың үшін.

Қуансаң қуана бер әке жаным,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

-деп өзіңе арнап ән салғым келеді. Бірақ саған қуан ұлыңа деп тағы айталмаймын. Аруағың риза болып,бір аунап түсіп жатсаң болды. Тек осылай қағаз бетіне хатымды жазып, құранымды ғана бағыштай аламын.