Әке
блог
Əке! Сен неге ұлың үшін алаңдадың, Төгіп жүрмін (...) арам қанын! Тас қалаға тастаған тағдырым ғой, Жек көрем! Бүлк етпейтін адамдарын! Əке! Қорқасыз... білемін ғой сезіп жүрмін, Қайтейін ажал бағын кезіп жүрмін. Сіз үшін, анам үшін, сіздер үшін, Аузыма тас толтырып төзіп жүрмін. Əке! Бір үміт, бір өкініш бір балаң ем, Кезінде желкеңізде сырғанап ем. "Ақ қағазды арына ие болмаған, Қылқындырып тастадым қыл қаламмен"!!! Əке! Бəріде басқа жаққа асығуда, Жалған да жазалысын жасыруда. Менің ұлтым өзгенің талағы емес Бола ма енді осыған бас ұруға?! Əке! Сіз маған қорықпаңыз өлмес балаң, Тозаққа үш күнінде көнбес пе адам. Мені емес ұлттың қамын ойлаңызшы Кеш болса... құтқаруға келмес шамаң... Əке! Мен ертең қайта келем осы күнге. Басқаның жүрмес үшін есігінде. Кешірім бе?!... Сұрамаймын шалқайғаннан, Тəрбие солай бердің бесігімде. Əке! Жүрексіз туу керек тас қоғамда, Жалынба! Тар кеудесін ашпағанға! Өлеміз.бір күндері Тағдыр құйған Бір тамшы төгілгенде тостағанда! 14.01.2016