Ақберен ағам «құдайдың ұлы» ғой...

Ақберен ағам «құдайдың ұлы» ғой...
жеке
блог

Ақберен ағам «құдайдың ұлы» ғой...

Адамның ойлау қабілеті қаншалық қарапайым болған сайын шындқықпен бетпе-бет кеп қалатыны бар. (бұл дегеніміз деп көзқарақты, зердесі тұтқыр оқырманға түсіндіріп әуре болмай-ақ қояйын). Мен үшін Фараби досым осы шындықпен ерте «жолығып» қалған сынды. Өмірдің мәні – өзіңді жоғалтып алмау екенін ерте пайымдаған. «Ұмтылу» мен «Ұмытылудың» арасы бір-ақ адым.  Әрине, бұл жердегі ұмтылу – ішкі  меніңді қашанда қиянатсыз қалыпқа, біздің жалпақ шешендерше айтсақ, «зиянсыз зиялылыққа» тәрбиелеу һәм соған құштарлық. Осы бір асыл қасиет бұл жігіттің бойында жоқ еді деп кім айта алар?!

              Біз әділдік іздемейтін қоғамға тап келгенімізді ерте мойындай алдық па, Жоқ па, оны бір құдай біледі. Тек бір нәрсе анық, бір нәрсе баян! Ортақ құндылықты қастерлейміз. Ақберен ағам «құдайдың ұлы»(тағдыр ғой айтқызған) екені қаншалық расқа шықса, біз де табиғаттың ұлымыз деп айта аламыз! Адамның кейде ет жақынына да айтқысы келмейтін жүрекжарды ізгі тілегі болады ғой. (бәлкім, соны дершағында айта алмайтын сабырымыз, «сараңдығымыз» мұнша керек емес пе еді, кім білсін?!)бүгін «жомарттығым» ұстап сол ақ тілегімді алғаш рет өзіңе айтқым кеп отыр. Түсініп тұрсаң да ішкі жалған намысың жібермей анаңды да түсінбей қалатын кезің болатыны жасырғысыз шындық емес пе. Сол секілді бір-бірімізді түсінбей қалмайық! Аман жүрейік!

            «Өмірдің өзі қиып тастап кеткің келмейтін шахмат тақтасы» деп кім айтқанын жақсы білесің ғой. Бұл пост жазу да қолыңды еріксіз перне тақтаға жетелей беретін сүйікті іс екенін енді аңғарып отырмын))) Әсте, еріккеннен жазып отырмағаным былайғы жұртты білмесем де өзіңе аян.

Енді, көп ойлансам жалған айтам. Жалған айту – күнә ғой, күнә!( онсыз да күнәліміз). Осымен доғарайын. Аман болайық!

(әріп қателігі кетіп жатса кешірерсіздер – Қ.Қ)