Ақ ұлпа

Ақ ұлпа
жеке
блог

 Қылаулап ақ ұлпа жапқанда,

Қиялдың есігін қаққанда.

Ақ қармен жаңарып жер беті,

Адамдар бақытын тапқан ба?


Жер ана құшағы кең еді,

Жаңа қар жаңа үміт себеді.

Көңілдің кірбіңін тазартар,

Ақ ұлпа кіршіксіз себебі.


Жабыққан күз, жаңбыр, нөсерден,

Жүректер айықсын кеселден.

Алаудай жылылық беретін,

Ақ мамық ақ көрпе төселген.


Дауысым айнала жаңғырған,

Даланы аралап қаңғырған.

Ақ ұлпа жауа бер үздіксіз,

          Жалығып кеткенбіз "жаңбырдан"...