Немістер айтады екен:
- Сендерде нағыз табиғи емдік сусындар бар деп.
Дегенмен біз сол қолда барды қолданбаймыз. Германияда дәріханаларда кішкене ғана ыдыста қымыз, ешкі сүтін сатады екен-мыс. Емдік сусынның бірі ешкі сүті. Көптеген ауруға ем екен, мәселен: туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды ешкі сүтімен емдеген. Тіптен аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады екен.
Табиғи сүт өнімдерін ішіп өскен ата-әжелерім анша-мұнша аурумен ауырмайды. Жас бола тұра сол кісілерге қарағанда, менде ауру түрі көп. Сондықтан табиғи сүт өнімдерін жиі пайдаланайық...
Анам "мынау - сүт ыстық-ыстық жұт" деп, әрдайым сүт берерде айтатын. Әлі де айтып отырады
(үлкен әжемнен қалған нақыл сөз)