Шашқа ақ түскені ертеде даналықтың,ақылдылықтың белгісі болып саналған екен.Алайда қазіргі таңда кез-келген адам ақылы мен көркінің сай болып тұрғанын қалайтыны рас.Шашына ақ түскен көптеген қыз-келіншектер шашқа арналған химиялық бояуды пайдаланады.Ал оны жиі қолданып тұру бас терісіне де зиян екенін естен шығармаған жөн.Негізінде, шашқа ақ түсудің себептері көп.40 жастан асқан соң өзіңізден осы құбылысты байқасаңыз,қорықпаңыз,себебі бұл қалыпты жағдай.Қартаю жасына маңайламай тұрып шашыңыздан ақ байқасаңыз мұның мынадай бірнеше себептерімен таныс болыңыз;күйзеліс,депрессия,уайым-қайғы,ағзаға дәрумендердің жетіспеуі,шылым шегудің әсері,тұқым қуалаушылық және т.б Зияны жоқ,пайдасы мол халық емін осы кезде кәдеге жаратуға кеңес береміз.Шашыңыздың түсі қанық,табиғи әрі жұмсақ болу үшін сізге 100г ірімшік пен 1г қара бұрыш қана қажет болады.Аталған заттарды жақсыоып араластырып маскам жасап алғаннан кейін шашыңыздың бас терісіне жағып,1 сағат ұстаңыз.Артынша сусабынмен жуып тастасаңыз болады.Емді аптасына 2 рет үзбей қайталап тұрғаныңыз абзал.