Ақ пен қара

Ақ пен қара
жеке
блог

Өмірде неше түрлі адамдар бар,

Пейілі ақ немесе харамдар бар.

Бетіңе күліп тұрып қарқ ететін,

Сыйлағанды білмейтін жамандар бар.

 

Достым менің, қарғадан сақ болғайсың,

Ойлағаны адастыру, біліп алғайсың.

Жаман сені батырады су түбіне

Көгершінім ондай жанға жат болғайсың.

 

Бір Аллаға тапсырдым жамандарды,

Ұят пенен ардан безген қараңдарды.

Бастық деп жалбақтауға тым шебер,

Сөзінің мәнісі жоқ надандарды.

 

Адал ниет, ақ пейілді жанға айтарым,

Тыңдамағын кесірткенің сандырағын.

Бойыңды жамандықтан ары ұстап,

Бес уақыт намазыңды қалдырмағын.