Ақ азу

Белый  клык(White fang) «Ақ азу» Джек Лондонның Ақ азу атты қасқырдың(кітап кейіпкерінің) шытырман оқиға желісі бойынша жазылған кітабы.

Сіз бұл кітапты оқып көрдіңіз бе?

Оқымасаңыз,бұл кітап жайлы қысқаша айтып кетейін....

Жалпы бұл кітапта Алясканың қолға үйретілген қасқыры туралы айтылады.

Әкесі  бір жанарды қасқыр,анасы- Кичи жартылай қасқыр,жартылай ит.Алясканың шөл даласында өмір сүріп жүрген оларға Аляскада үнемі  ашығып жүру қиындыққа соғып,Ақ азудың бауырлары өліп қалады.Ал әкесі сілеусін мен қырқысам деп жүріп,ол дүние салады.Ақ азу анасымен жападан жалғыз қап қояды. Өмір торабы қызыққа толы,Ақ азудың  анасын асыраған «Серый Бобор» атты үнділік аңшы адамдарды кездестіріп қалады.Үнділік аңшы қайтадан Кичи мен Ақ азудың иесі болады. Міне,сол  кезден  бастап,ол қасқырды «Ақ азу»деп, атай бастайды.Ақ азуға жаңа өмірге үйренісу қиынға соқты.Өзінің құдайы көріп жүрген адамдардың қатал заңына бағынуына тура келді.Міне осылайша,өрбейтін қасқырдың тағдыры туралы баяндалатын кітапты оқып шығуға кеңес беремін....Оқып көріңіз....

 



Бөлісу: