Ажырасу туралы іс

Ажырасу туралы іс
жеке
блог

«Жанып-сөнетін жалған дүниенің жұмбағын шешкен жандар бар ма екен, өзі?! Өмірдің мәні – кездесу мен қоштасу ма, сонда? Қоштасатын болсақ неге кездесеміз? Ақыры тағдыр кездестірген екен, жақын жандарымызбен неге қоштасамыз? Неге?»

Тұлға ретінде Болат Атабаевты қатты сыйлаймын және оның «Ақсарай» театрына бару бұрыннан арманым еді. Алайда, кеше «Ақсарай» театрында қойылған «Махаббат деген қандай-ды?..» драмасын режиссер Асхат Маемиров қойғанымен мюзикл-театрға барудан тоқтата алмады.

«Махаббат деген қандай-ды?..» драмасы ХХ ғасыр драматургиясының классигі Александр Володиннің "С любимыми не расставайтесь" шығармасынан алынған. Адамдардың кездесуі мен қоштасуы жайлы сыр шертетін қарапайым, әрі қиын драма.
Пьеса мен қойылымды «Ажырасу туралы іс» деп те атауға болатын еді. Өйткені, жұбайлардың сегіз жұбы бірінен кейін бірі ажырасады. Әрбір кейіпкер – ғашықтық пен сатқындық, тәкаппарлық пен қызғаныш, сүю мен жеккөру сияқты өткелдерді басынан кешіреді. 

Қазіргі қоғамда белең алған ажырасулардың себебі неде? Кейіпкерлердің «Біз бөлек жандар екенбіз» деген басты жауаптары бір кездері жалындаған ұлы сезімнің сынақтан өтпей қалғандығына басты айғақ па? Осындай сұрақтарға жауап іздеген суреткер Володинмен бірге тазалық пен пәктік, өмірдің мәні мен мәнсіздігі жайлы ой-тағылымдармен ой бөліседі. Сұрағы көп, жауабы аз өмірдің жұмбағын әрбір кейіпкер өзінше шешеді, өз тағдыры арқылы ұғынады.

Жалпы қойылым маған ұнады. Заманауи, сонымен қатар қарапайым тілмен жеткізілген, сахналануы да өзгеше. Бір ғана безендірумен сахнада сот та болады, үй де болады, би алаңы, вокзал, темір тор... бірақ соған қарамай артық ештеңеге назарың аумайды. Киген киімдері де бәрінде бірдей: қыздарда етек-жеңдері ұзын көйлектер, ал ерлерде етек-жеңдері ұзын плащтар. Бұл бір «пенделер, не адасқандар» деген мағынаны берсе керек. Театрда кілең жастар ойнайтынымен де тартымды сияқты. Ара-тұра Әуезов драма театры мен Жастар мен Балалар театрынан бөлек, жеке театрға барып тұру керек деп ойлаймын. Және осындай театрлар көп болса тіптен жақсы.

Пы.Сы. Менен жақсы фотограф шықпас... ))