Өткенде бір жазба жазған едім "Пері" деген. Әжемнен естігенімді, міне тағы да жалғайын деп отырмын соны.
Жаздың түні еді.Әке-шешем көрші ауылға туыстарымыздың қонақасына кеткен. Үйдегі балаларға бас-көз етіп мені тастап кетті. Мен ол кезде бой жетіп қалған қыз едім. Киіз үйде тұрғанбыз. Бәрінің төсегін салып беріп, іні-сіңілілерім ұйықтап қалғанша ертегі айттым. Бәрі ұйықтап қалған соң ақырындап төсегіме жатайын десем, керегедегі киіздің астынан шамамен 2-3 жастагы бала менімен тығылыспақ ойнағансып біресе киіздің ішіне кіріп кетеді, біресе шығады. Өзі сықылықтап күлгенде зәрем ұшып, қозғала алмай отырып қалдым. Кереге мен киіздің арасында бала сиятын ашық жер жоқ. Киіз қозғалмайды, тек бала артына қалай кіретінін ұға алмадым. Ішімнен құранның сүрелерін қайталай бастадым. Содан әлгі қабағын шытты да, ғайып болды. Әлгіден кейін ұйқым қашып, өзімен-өзім қысылып, бойымды үрей биледі. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.
Тағы бірде жарым түнде шашы алба жұлба, жалбыраған әйел алып-ұшып кіріп келді де, қазанда ұйып тұрған айранға басын тығып 2-3 минуттай тұрды да, шығып кетті. Біз оны адасып жүрген адам болар дегенбіз, алайда бір қазан (40л) айранның жартысынан көбін 2 минутта ойып тұрып адам іше алмайтын шығар деп ойладық. Келесі күні әшейінде не берсең де қоймайтын итіміз,жаңағы қалған айранды ішпей қойды- деп әңгімелеп берді әжем.
Ауылда әжемнің көршісі бар, Нұрлықыз деген кісі. Сол кісі кешкісін әжем екеуі есіктің алдында отырған. Бір кезде Нұрлықыз апа: Өй, мыналар қайда кетіп барады"-деп ұшып тұрып, жолға қарады. Кімді айтты деп жолға қарадық біз де. Ешкім жоқ. Бірақ апа: "" Мыналар тобымен кетіп барады, бұл жолы кімді алып кетуге келдіңдер -деп қабағын түйіп тұр. Содан бұл сөзін түсіндіріп беруін сұрап едік:"Бір топ әруақ жоғары жаққа кетіп барады, біреуді алады ау-деп қояды. Жүрегіміз ұшып, үйге қарай зыттық. Келесі күні ауылдың жоғары жағында тұратын бір кісі қайтыс болды деген хабар естідік. "Расымен де көрінеді екен-ау апамызға" деп ойланып қалдық
Сол Нұрлықыз апа айтады: Жас кезімде далаға кірленге басын жуып отырсам, алдымда біреудің отырғанын сезіндім. Басымды көтеріп қарасам, алдымда "өзім" отырмын. Шайтанның әр түрлі бейнеде көрінетінін білемін, көзіме бұндай бәлелер көп көрінеді емес пе? Жердегі қамшыны ала салып, жанағыны қуып жетіп,шашынан ұстап алып, қамшымен сабадым дейді. Жанағы бәле қашқан күйде көршінің үйіне кірді де кетті- дегенін естіп тағы бойымыз түршіккені бар.