Әжемнің атама деген сезімінде шек жоқ секілді. Қазір ол екі кісі де өмірден озды. Алғашында атам көз жұмған еді. Сонда әжем "Арғы дүние қызығына қызық та шығар, әйтеуір кеткендер қайтып келіп жатқан жоқ қой" деп көзіне жас алып отырушы еді. Кейде терең ойға батып отырып, өмірінің қанша секунды қалғанын да тағатсыздана күткендей болып еді. Атамның жұмақта жүруін тілеп, өзіде бір күні сол өмір қосқан қосағымен бірге болар сәтті күтетін. Өзін-өзі осылайша жұбатып, көп ұзамай бізді тастап, сол өмірге кете берді. Сол бейне әлі күнге жадымда сақтаулы...әр сөзі мен әр ісі кейде көзіме сағыныштың жасын үйілдіреді.