Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» мақаласының айшықты мәні.
блог
«Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «... Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті , үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді....
— Мұхтар Әуезов
Қазақтың біртуар ұлы жазушысы – Мұхтар Әуезов айтқандай Ахмет Байтұрсынұлының өсиеті, өзінің үлгісі , біздің ойымызға салған пікірі қазақ халқындағы , қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Байқасаңыз, Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл шығармалары, өлеңдері, мақалалары халыққа жаны ашып, жастарды оқуға шақырып, білім – ғылымға шақырып, еңбек етуге , рухани биіктікке шақырған. Әр түрлі мәселелерге арнап, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым – білімге арнаған мақалалары жетерлік . «Тағы да народный сот хақында» , «Бұ заманның соғысы», «Қазаққа ашық хат» деген мақалаларында өз халқына жаны ашып, қазақтың ертеңін ойлап , халқына үндеу жіберген. Халықтың көзін ашамын, ұлттық санасын оятамын деп штраф – айып төлеген кездері де болған. Сол мақалалардың бірі «Қазақтың өкпесі» мақаласы...
Бұл мақалада не айтылған? Ахмет Байтұрсынов қазақ халқына не айтқысы келген? Сол замандағы өзекті мәселелердің бірі – ол жер мәселесі болған. Қазақтың кең – байтақ жері ол ұлттың мүддесі, сондықтан да ол мемлекеттің қазынасы болып келеді. Ахмет Байтұрсынов қазақтардың жерді жеке меншікке алуға әлі дайын емес екендігін аңғарып, жерінен айырылып қалмауды ескерткен. Бірақ Патша өкіметі қазақтардың аңғалдығын пайдаланып, жақсы шұрайлы жерлерді өзіне алып, қазақтарды болса құнарсыз жерге ығыстырып қойған. Содан қазақтар жерлерінен айырылып, шұрайлы жерлерінен айырылған халықтың да тұрмысы нашарлайды, ал олардың болса ұрпаққа қалдыратын басқа қазынасы да қалмайды. Осындай қиын – қыстау кезеңде халықтың басына ашаршылықтың да келген уақыты болды. Сонда Ахмет осы болып жатқан қиыншылықтан шығудың амалын, адамды қор қылатын жалқаулық , надандық сияқты қасиеттерден арылып, сауатсыздықты жою туралы пікірін білдіргенде Ахметті ешкім елемеді. Бірақ, «Қазақтың өкпесі» адамдарды елеусіз қалдырмады, жай да болсын халықтың көзі ашылды, сауаттылыққа бет бұрып, көздері ашылуына үлкен себеп болған.
« Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз -бәрі надандық кесапаты. Сонда да, соны ғылым, өнерден артық көреміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ, ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар?» - деп іші күйген Ахмет өзінің мақаласында халықты білімге, ғылымға, мәдениет пен өнерге шақырған. Бұл мақалада қазақтың жер мәселесі туралы айтылса да, қанша қазаққа жаны ашыған Ахмет бұл мақаланы «қазақ халқына қарсы жазылған мақала» деп айтып өткен. Неліктен? Өйткені, қазақтың осындай жағдайда болғанына, ғылымнан надандықты артық көріп, ғылым мен өнерді керек қылатын қазақтың аз екеніне іші күйінген.