«Ахмет Байтұрсынов - публицист, редактор»

«Ахмет Байтұрсынов - публицист, редактор»
жеке
блог

Ахмет Байтұрсынов мың сегіз жүз жетпіс үш жылы он сегізінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келді. Ол-ақын, түркітанушы, әдебиет зерттеуші ғалым, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынұлы-Орынбордағы мұғалімдер мектебін мың сегіз жүз сексен төртінші жылы бітірген. 1895-1909ж Қарқаралы, Қостанай, Ақтөбе уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарған болатын. Байтұрсынов тілші ретінде араб әліпбиінің жайы мен қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалары жарық көрген.

Ол қазақ тіліне ерекше ден қойып, ана тілімізді алға жетелеу үшін барын салған. Яғни жасанды, араб, парсы сөздері көп келетін тілден бас тартуды көздейді: "Аса қадірлі замандасымыз, бас жазушы" мақаласында ол: "... газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізді кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз,'" - дейді. ( Қазақ, 15 ақпан, 1913). "Жұртқа жақын", оның "құлағы, көзі һәм тілі" болатын газет тілі қазақ оны жеткізуші тілдік бірліктер жүйесінің қалыптасуына қозғаушы күш болды деп айта аламыз.

Жазушының мақалаларында ықпал тудырушы тілдік құралдар ретінде ауызекі сөйлеу тілі бірліктері, метафоралар, теңеу, фразео­логизмдер, қарсы кою әдістері көптеп қолданылатынын байқаймыз. Мақалаларында сол кезеңдегі халықтың түсінігіне сәйкес сөздер мен сөз тіркестері көп болған. Яғни оған ең алдымен халықтың сол мақаланы ұғынғаны қажет болған.

А.Байтұрсынов қазақ баспасөзінде жеткен жетістіктерімен қатар, шетел баспасөзінде де өзіндік із қалдыра білген дара тұлға еді. Еңбектері әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, бірнеше тілге аударылды. Оның ішінде, “Қасқыр мен тырна”, “Өгіз бен бақа”, “Қасқыр мен қозы” “Шымшық пен көгершін”, ж/е т.б мысалдары бар.

Жазушы Ахмет Байтұрсынов қиын-қыстау заманда халық үшін сөз сөйлеп, түрлі мақалалар жазған болатын. Сол үшін оның қарсыластары да көп болды. 1938ж дүниеден өтеді. Десе де оның артында қаншама еңбектері бүгінгі ұрпаққа өнеге.

 

Інжу-Маржан Отарбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті