Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов
жеке
блог

ХХ ғасырдағы қазақ халқының рухани қазынасы Ахмет Байтұрсынов - ел алдында аты аңызға айналған дара тұлға. Ахмет атамыздың қазақ әдебиетінен ойып алар орны бар екені белгілі. Жазған шығармаларын оқи отырып терең білім, үлкен ой мен ғибрат алуға болады. Ахмет Байтұрсыновтың бізге берер құндылығы жоғары. Жастайынан жазу қабілетімен ерекше көзге түсіп, өзін редактор, публицист қырынан таныта білді.

    Еліне деген сүйіспеншілік пен шындықты бұлжытпай жазған қайсарлығының арқасында халық - жоғары бағалап, тани түсті. Қараңғылықтан жарқ етіп, ашық аспан төңірегіне енген публицист. Бойында көшбасшылық қасиеті болғандықтан жазуға деген талпынысына қарап ел тәнті болатын. Сондықтан да, шығармашылығы үлкен маңызға ие. Ахмет атамыздың сөзі адамзаттың жүрегінен терең ұғым алғандықтан адамның бойындағы қасиетті ұлғайта түсуге арқау болады. Тәлім – тәрбиесі бар, үлкен мән – мағына беретін өмірмен байланысты шығармалары мен жазған жұмыстары басқа елдерге де кең таралды. Осыған орай шет елдерде де түрлі і байқаулар мен іс – шаралар өтілуде. Осыдан – ақ, Ахмет Байтұрсыновтың көрнекті тұлға болғанын аңғара аламыз. Тек қазақ жерінде ғана емес басқа мемлекеттерде де орны толмас жан екендігін көруге болады. Өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен, жүргізген зерттеулерімен, айтқан тағылдымдарымен халқының жүрегін жаулай білді. Осы арқылы оқырмандарының ықыласына бөлене алды. Ахмет Байтұрсыновтың сөзі қазақ бойына дарығандығын нық сеніммен айтуға болады. Әрбір қазақ баласы Ахмет Байтұрсыновтың сөзін бойтұмар ретінде көреді. Өйткені, жазған сөздерінің қай – қайсысы болмасын толысқан ой – сананың жемісі болып табылады. Ахмет Байтұрсынов жайлы айтылған пікірлер жанға жағымды әрі нық айтылған. Оның бар еңбегін жоғары деңгейде бағалап, ардақты орынды ұсынып отыр. Ардақты орынды ұсынғаны соншалықты, Ахмет атамыздың еңбегін көкке көтеріп, бағалап отыр. Бұның өзі халық адамы болғанын, ел алдында беделді тұлға екендігінің анық айнасы.