Ах Астахованы танисыз ба?!

Ах Астахованы танисыз ба?!
жеке
блог

Бұл Ах Астахова. Орыстың 28 жастағы қызы. Ақын қызы. Бүгінде "Вконтакте" әлеуметтік желісінде отырып бүкіл ресейге рухани байлық беріп отыр. Қалай дерсіз... Қарапайым кафе, бар, отырыс орындарын жалдап, сонда билеттерін сатады. Келушілер билетті таласа-тармаса сатып алып, өлеңдерін тыңдап кофелерін ішіп рахаттанып қайтады. Әсіресе күні бойы жұмыстан шаршап, күйзеліске түскен адамға таптырмас дәрі. Жазып жүрген өлеңідері де күйбең тіршілік пен махаббат жайында. Айтқып келгені бізге де неге осындай орта қалыптастырып алмасқа жас ақындарға. Бірақ мынадай кедергі бар: халық келмейді, не қылсын дейтін пікірлер туындайды. Шынымен неге біз өлеңді тыңдауға үйренбейміз, поэзия деген жанның ләззаты емес пе?! Тіпті Құранның өзі өлең болып түскен. Ендеше өлең пендеге о бастан жат емес, жақыны. Кінәлі ақындар ма әлде поэзияның теңізіне түскісі келмейтін халықта ма?! Орыстардан қай жеріміз кем?! Олардың мәдениеті асып кеткен деп қашанғы отырамыз... Іске көшіп көрсек. Қолдаушылар бар ма?! Ой мен ұсыныс болса жекеге әлде осында пікір білдіріп көрсеңіздер. Өнерді және жастарды бағалайық! Өліп қалмасын...